Жаратылыстану Тақырыбы: Балабақша гүлбағына саяхат
Мақсаттары:Тәрбиешілік:қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу
Дамытушылық:Балалардың бақтағы гүлдер туралы білімдерін кеңейтуге және атауларын білуге мүмкіндік туғызу
Оқыту: Бақтағы гүлдердің адам өміріндегі маңызы түсіндіріп, оларды қалай күту керектігін үйрету
ҚМҰҚ Тақырыбы: Екі топтың заттарын салыстыру («1 және «көп»)
Мақсаттары:
Тәрбиешілік: Шапшандылыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тең және тең емес екі топтың заттарын беттестіріп салыстыру арқылы «көп», «аз», «теңбе-тең»-деп айта білуге үйрету.
Оқыту: Заттардың ұзындығын салыстыра білу дағдыларын бекіту. «Ұзынырақ», «Қысқалау», «Ұзындығы бірдей»- деген сөздерді қолдануға үйрету.