Қыркүйек айына арналған серуендер Ауа – райы құбылысын бақылау. Мақсаты



бет2/38
Дата07.02.2022
өлшемі72,7 Kb.
#95740
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
осень прогулка

Еңбекке баулу:
Ойынға арналған құмды сулау.
Мақсаты:

  • Алаңда тазалық пен ұқыптылықты сақтауға үйрету. үлкендерге көмек беруге ұмтылдыру;

  • Құрғақ құм шашылып қалатынын, ал сулы құмнан қуыршаққа арнап тәтті тоқаш жасауға болатынын айтып, білімдерін бекіту.

«Торғайлар мен автомобиль» қимылды ойыны.
Мақсаты: Балаларды дыбыс бойынша тез жүгіруге, бірақ бірін – бірі соқпай, қимылды қозғалыс жасауға және тәрбиеші белгісі бойынша оны өзгерте алуға , өз орнын табуға үйрету.
«Затты абайла» қимылды ойыны
Мақсаты: Балаларды белгі бойынша қимыл жасауға және алғырлыққа үйрету.
Қажетті материалдар: суқұйғыштар, кубиктер, әр балаға құмнан бұйым жасайтын қалыптар, қуыршақ және көліктер.


  1. Автобусты бақылау

Мақсаты:

  • Көлікті сыртқы пішініне қарап ажырата алуға үйрету;

  • Жеңіл көліктің негізгі бөліктерін атау;

  • Автобуста өзін ұстаудың қарапайым ережелерін қалыптастыру;

Бақылау барысы:
Көліктер туралы мәліметтер айту, әр көліктің өзіне тән атқаратын жұмысы бар екенін түсіндіру.
Автобус – жолаушылар көлігі, онымен адамдарды тасиды. Алдында жүргізуші, ал салонды жолаушылар отырады. Жолаушылар автобусты аялдамадан күтеді, автобус тоқтаған кезде кіреді орын алады. Жол жүру уақытында орнынан тұруға, жүруге, есікпен ойнауға, ашуға болмайды. Жүргізушінің тоқтағанын және есікті ашқанын күту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет