Наурыз. Бабалар өмірі – ұрпаққа өнеге Бөлімді қайталауға арналған тест сұрақтары:
1.Абылай ханның шын есімі кім?
а) Сабалақ ә) Шарыш б) Абылай в) Әбілмансұр
2. «Кім қаққан, аты-жөні кім қоңыраушының?» деген ақын сұрағына жауап бер.
а) Шоқан Уәлиханов
ә) Абай Құнанбаев
б) Ыбырай Алтынсарин
в) Ахмет Байтұрсынұлы.
3. «Атан түйе шөккен жер» тіркесі кімге қатысты айтылған?
а) Абылайға ә) Райымбек батырға б) Абайға в) Ыбырайға.
4.М.Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесін есіңе түсір. Бала Абайға бата берген кім?
а) Әжесі ә) Анасы б) Байкөкше жыршы в) Барлас ақын
5. Абайдың шешесінің аты кім?
а) Ұлжан ә) Зере б) Әйгерім в) Ділдә
6.Жасында «Қоңыр қозы» атанған жазушы кім?
а) Абай ә) Мұхтар б) Ыбырай в) Ахмет
7. Бөлімдегі көктемгі табиғат көрінісі суреттелген шығарманы ата.
а) Мұхтар Әуезов. Әбілмансұр
ә) Мұхтар Әуезов. Бала Абай
б) Тұрсын Жұртбай. Қоңыр қозы.
в) Сәбит Мұқанов. Батылдық.
8. Ш.Мұртазаның «Бала Тұрар» әңгімесін есіңе түсір. «Аспара» деген не?
а) Жердің аты ә) Таудың аты б) Адамның аты в) Көлдің аты.
9. Ш.Мұртазаның «Бала Тұрар» әңгімесі бойынша: «Қазыл Жебе» ненің аты?
а) Құстың ә) Адамның б) Иттің в) Жылқының.
10.Балуан Шолақ қай жазушының кейіпкері?
а) Мұхтар Әуезовтің
ә) Шерхан Мұртазаның
б) Сәбит Мұқановтың
в) Қалмақан Әбдіқадыровтың
11. Қажымұқан Мұңайтпасов туралы жазған кім?
а) Қалмақан Әбдіқадыровтың
ә) Мұхтар Әуезовтің
б) Сәбит Мұқановтың
в) Шерхан Мұртазаның
12. Ауылға өлген өгізді арқалап келген кім?
а) Балуан Шолақ ә) Мұқан б) Бекзат в) Тұрар.
13. «Қолында пулеметі «Максим» оның» деген өлең жолында кім туралы айтылған?
а) Әлия ә) Бауыржан б) Мәншүк в) Тоқтар.
14. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді тап:
Батыл болмай, ------------------- болмайсың.
а) ержүрек ә) қорқақ б) өжет в) батыр.
15. «Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді» деп айтқан кім?
а) Бауыржан ә) Мәншүк б) Әлия в) Тоқтар.
16. МИГ – 29 ұшағымен ерлік жасаған сынақшы-ұшқыш кім?
а) Бауыржан ә) Қажымұқан б) Тоқтар в) Бекзат.
17. 20 жасында Олимпиада чемпионы атанған қазақ боксшысы.
а) Бауыржан ә) Бекзат б) Тоқтар в) Қажымұқан.