Қыста талай қызық бар
1.Жұмбақтың шешуін дұрыс тап:
Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.
а) аяз ә) жел б)боран в) үскірік
2. «Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды» деген жолдарда жылдың қай мезгілі сипатталған?
а) күз ә) көктем б) қыс в) жазғытұры
3. «Күле шулап кірсе үйге,
Самауыр тұр бу шыққан» деген өлең жолдары М. Дулатовтың қай шығармасында келтірілген?
а) «Мектепке» ә) «Мектептен» б) «Қыс» в) «Оян, қазақ»
4. Солтүстік Қазақстан облысында туған ақын, жазушы әрі педагог кім?
а) М.Дулатов ә) Қ. Аманжолов б) З. Шүкіров в) М. Жұмабаев
5. Тәуелсіздік сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?
а) Бақыт ә) Бостандық б) Бейбітшілік в) Еңбек
6. Қазақша жыл санауда жыл басы неден басталады?
а) Тышқаннан ә) Доңыздан б) Түйеден в) Жылқыдан
7. «Шырша жырын» есіңе түсір. Өлең жолын дұрыс аяқта:
Қар жауып тұр ....
а) Далада ә) Қоймастан б) Тынбастан в) Аспаннан
8. Жаңылтпашты дұрыс аяқта:
Киген тоны -
Оңды тон,
...
а) Әдемі тон ә) Жылы тон б) Қысқа тон в) Өңді тон
9. Бөлімдегі Бүркіт Ысқақовтың өлеңі қалай аталады?
а) Қыста қызық мейрам бар ә) Қыста қызық жұмыс бар
б) Қыста қызық ойын бар в) Қыста қызық думан бар
10. Биялай деген сөзді кімнің өлеңінен кездестірдің?
а) Қ.Мырза Әли. Жұмыстың қызуы
ә) Б.Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар
б) Б. Соқпақбаев. Шынықсын денеміз
в) З. Шүкіров. Ақша қар
Қате саны:
Бағасы:
Достарыңызбен бөлісу: |