Тақырыбы: «Табиғаттағы қысқы құбылыстар»
Мақсаты: Білімділік: Балаларға қыстағы табиғат жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: Қысқы табиғат жайында ой өрісін ән арқылы дамыту.
Тәрбиелік:Балалардың билей жүріп әндету, ырғақты дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Ән тыңдау: «Қараңдаршы далаға»
Ән айту: «Табиғат» (Б.Бейсенова)
Әуенді ырғақты қимыл-ойын:«Қар жинау» ойыны
Мүсіндеу Тақырыбы: «Шыршаның ойыншықтары»
Білімділік: балаларды мүсіндеудің домалақтау әдісін үйрете отырып, ойыншықтар жасауға үйрету,сән ойыншықтары мен ермексазды қолдану тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық:ұсақ қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: қайырымдылыққа тәрбелеу.
Ойын жаттығу: «Түстерін ата»
Сурет салу Тақырыбы: «Мұржадан түтін будақтайды»
Білімділік:қарындашпен үзбей ирек сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру.