Құрастыру Тақырыбы: «Күшікке тостаған» (қиылған бөлшектерден құрастыру)
Білімділік: балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық: көлемін ажырата алуға дамыту.
Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу..
Дидактикалық ойын: «Кімнің тостағаны?»
Музыка Тақырыбы: «Жануарлардың қысқы тіршілігі»
Мақсаты: Білімділік:Әндегі жеке сөздерді дауысты жылдамдатпай айтуды қалыптастыру.
Дамытушылық:Ән-би мазмұнын қимылмен жеткізу.
Тәрбиелік: Әнді табиғи дауыспен айтуды қалыптастыру
Ән тыңдау: «Төлдер» Б.Ғизатов
Ән айту: «Төлдерді шақыру» Д.Ботбаев
Әуенді-ырғақты қимыл-ойын: «Не қалай дыбыстайды?»
Сурет салу Тақырыбы: «Қардағы іздер»
Білімділік:парақ бетіне бояу жағу арқылы дақ түсіруге үйрету.
Дамытушылық: саусақтардың бұлшық еттерін дамыту.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын: «Іздерді ата»
Жапсыру Тақырыбы: «Кішкентай қолғаптар»
Білімділік: дайын форманың /қолғап/ бетіне әр түрлі геометриялық пішіндерді желімдеуді үйрету.
Дамытушылық: саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын дамыту.
Тәрбиелік: қайырымдылыққа тәрбиелеу.