Еңбек: Құмсалғыштағы құмға су себу.
Мақсаты: кіші топ балаларына көмектесу, қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Қ/О: «Допты капитанға бер».
Мақсаты:
— доппен ойын кезінде әртүрлі қозғалыстарды қолдану, серіктесінің іс-әрекетімен санаса білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жаттығу ойындары
Екі-екіден колоннаға тұру.
Мақсаты:мүсіндерінің дұрыс жетілуін қалыптастыру.
Қараша
Серуен №1
Торғайларды бақылау
Мақсаты: торғай туралы білімдерін тиянақтауды жалғастыру;
— күздің келуімен құстар мінез-құлқының өзгеруін көре білуге үйрету; зейіндері мен есте сақтауларын белсендіру.
Бақылау барысы:
Көркемсөз
Қалатындай қиқылдап, Әдетіңді білемін,
«Шиық, шиық» еттің шиқылдап Дайын асқа ортақсың
Шашып берген жемімді Торғай, торғай торғайым,
Жейсің сонша қиқымдап, Сені әркез қорғаймын
Қорқақсың-ау, қорқақсың, Қыстың қамын жаз ойлап,
Еңбек десе шорқақсың. Бәріне де бол дайын!
Тәрбиеші балалармен әңгіме өткізеді.
Торғай қандай болып көрінеді? (Бұл кішкентай пысық құс.)
Ол жайлы үнемі «сұр торғай» деп айтады. Ал шындығында торғай сұр емес Ал қандай? (оның арқасы қызыл қоңыр, жіңішке қара жолақтары бар)
Ал қанаты мен құйрығы қандай? (құйрығы-қара-қоңыр, қанаттары да қара-қоңыр, жирен түспен жиектелген)
Ал басының түсі қандай? (Сұр)
Торғайлар қайда өмір сүреді? (қалада және ауылда.)
Ия, олар әркез адамдарға жақын жерге мекендейді. Торғайлар неге адамдарға көрші болғанды жақсы көреді? (адамдардың қасында олар жыртқыштардан аулақ болады, жемді де тез тауып жейді, оңаша мекен де табады.)
Торғайлар әсіресе өз «үйлерін» ағаш үйлердің терезе қондырғыларына салады. Ал қалада торғайлар қайда мекендейді? (подъездің немесе балконның күнқағарларына.)
Қане, жақсылап қарайықшы біздің балабақша ауласында қай жерге мекендеді екен? Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасауы керек? (Жемсалғыш жасап, күнде жем сеуіп тұру керек)
Күзде торғайлар немен қоректенеді? (өсімдіктердің дәндері мен тұқымдарын шоқиды)
Еңбек
Ағаштарды емдеу мақсатында еңбек ұйымдастыру.
Мақсаты:
Ағаштарға дұрыс көмек жасауды үйрету;
Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қ/О: «Құстардың ұшуы».
Мақсаты: белгі бойынша қимыл жасауға үйрету.
|
Достарыңызбен бөлісу: |