Ис bestProfi


мерзімдерін анықтау ерекшеліктері



бет47/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#76380
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79

мерзімдерін анықтау ерекшеліктері

Вагондарға жаппай сусымалы жүктерді - көмір, кен, әктәс және с.с. тиеу кезінде қолданылатын бункерлік және ашық бункерлік тиеу құрылғылары үздіксіз іс-әрекеттегі механикаландыру құралдары болып табылады. Вагондарды бункерлерден және ашық бункерлерден тиеу мерзімдерін формулалар (1), (2) және (4) бойынша есептеу кезінде мына ережелерді басшылыққа алу қажет:
а) вагондарды бункер астына беру кезінде олардың тиеуге дайындығы, жүктің бар болуы қамтамасыз етілуі, тиеу жабдықтары мен тетіктерінің, сондай-ақ маневрлік шығырдың түзулігі тексерілуі тиіс;
б) вагондар келген соң және оларды бункер астына орналастырғаннан кейін тек бункерлік сырмаларды немесе ашық бункердің тиеу науаларын ашу ғана дайындық операциялары болып табылады.
Маневрлік шығырдың тросын бекіту, маневрлік шығырды қосу және ажырату, үгінділер төгу немесе вагондарға қатудан қорғайтын басқа профилактикалық құралдарды енгізу, ашық вагонның бүйір есіктерінің бекітілуін тексеру және т.б. вагонды толтырудың негізгі операциясымен қоса атқарылады.
Механикалық жетекті сырмалар үшін ашу және жабу уақыты техникалық паспортта көрсетіледі және 3-5 секундтан аспайды. Иекті және секторлық сырмаларды қолмен ашу уақыты 2 секундтан артық болмайды, сұқпажапқыштық және науалық сырмаларды ашу уақыты - 3 - 5 секунд.
Бункерлерден бүйірлік тиеу кезінде дайындық уақытына науаларды, ағызғыштарды, алып жүретін құйғыштарды орнату операцияларының ұзақтығы енеді;
в) вагондарды толтыру кезіндегі негізгі операцияның ұзақтығы tгруз формула (2) бойынша анықталады, мұндағы уақыт шығыны tвсп бункердің ағызғышы астынан вагон аралықтарына өту кезіндегі үзілістер уақытын және тиісінше сырмалардың ашылу және жабылу уақыттарын қосады.
Бункерлік немесе ашық бункерлік құрылғының өнімділігі формула (4) бойынша анықталады. Бункердің шығару тесігінен жүк ағынының көлденең қимасының алаңы (м2 -пен) мына формулалар бойынша анықталады:
1) тік бұрышты тесік кезінде
F = (A - a')(B - a')t (6)
мұндағы А және В - тиісінше бункердің шығару тесігінің ұзындығы мен ені, м;
а' - жүктің сипатты кесегінің көлемі, м;
2) домалақ тесік кезінде


П (D-a')2



F = 4 (6')

мұндағы D - бункер тесігінің диаметрі, м;
П = 3,14
Бункердің көлденең тесігінен жүктің ағу жылдамдығы (м/с-та) мына формула бойынша анықталады
v = 5,9 ^ VR sina, (7)
мұндағы ^ - ағу коэффициенті (құрғақ дәнді және ұнтақ тәріздес жүктер үшін ^ = 0,55:- 0,65; ірі дәнді және кесектілер үшін ^ = 0,3:-0,6; тозаң тәріздестер үшін ^ = 0,2:-0,25);
R - шығару тесігінің гидравликалық радиусы R = F/P, мұндағы F - ағынның көлденең қимасының алаңы, м2; Р - қима периметрі, м;
a - ағынды ығыстыратын және тірек тудыратын науаның қисаюы.
Көптеген пункттерде бірге берілген вагондар тобын бір мезгілде жиынтық өнімділігі жоғары бірнеше бункерлік люктер арқылы жүргізеді, сондықтан тиеу процесінде вагондардың үздіксіз орын ауыстыруы - «жүріс барысында тиеуді» жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Бұл жағдайларда тиеуге арналған мерзім маневрлік шығырдың вагондардың орнын ауыстыру жылдамдығына орай (сағатпен) мына формула бойынша анықталады
nlв
t топ (гр) = 3600 vл + t всп (8)
мұндағы п - топтағы вагондар саны;
/в - автотіркегіш осьтері бойынша вагонның орташа ұзындығы, м;
vл - маневрлік шығыр тросының қозғалыс жылдамдығы, м/с;
t всп - маневрлік шығырдың тросын бекіту мен ағытуға, сондай-ақ тиелетін вагондар тобының жиынтық ұзындығы тростың жұмыс ұзындығынан артық болғанда тросты қайта тартуға арналған уақыт шығысы.
Вагондар вагон таразыларынан тыс тиелген жағдайларда мөлшерлеу операциясына арналған қосымша уақыт топтың соңғы вагонын тиеу кезіндегі қорытынды уақыт ретінде ескеріледі. Барлық басқа вагондарды мөлшерлеу уақыты бойынша негізгі тиеу операциясымен бірге орындалуы тиіс.
1-мысал. Бункерлерден көмір тиеу.
Бастапқы деректері
Тиеу бір мезгілде бункердің екі орталық люктерінен жүргізіледі. Люктердің шығару тесіктерінің көлемдері ұзындығында А = 700 мм, енінде В = 600 мм. Көмір кесегінің сипатты көлемі а' =100 мм, көмірдің көлемдік массасы y - 0,87 т/м3; көмірдің ағу коэффициенті ^=0,57. Вагондарды тиеудің техникалық нормасы qв = 62 т. болғанда 12 үсті ашық вагон құрамындағы вагондар тобын тиеуге арналған уақыт шығындарын есептеу талап етіледі. Вагондар аралығының орташа көлемі lпр=1,5 м, маневрлік шығыр тросының қозғалыс жылдамдығы vл = 0,18 м/с. Бірінші вагонды дайындау операциялары хронометраждық деректерге сәйкес tподг = 2 мин, қорытынды операциялар - 3 мин, соның ішінде бункерлік сырғытпаларды ашу және жабу операциялары t затв = 5 с. болады.
Есептеу тәртібі
1. Бункердің шығару тесігі арқылы өтетін көмір ағынының көлденең қимасының алаңын формула (6) бойынша анықтаймыз
F = (0,7 - 0,1) (0,6- 0,1)=0,3 м2.
2. Ағынының көлденең қимасының гидравликалық радиусын анықтаймыз
F 0,3.
R = P= 2 (0,7-0,1)+2 (0,3-0,1) = 0,136 м.
3. Көмір ағынының орташа жылдамдығын формула (7) бойынша анықтаймыз
v = 5,9*0,57 V0,136=1,24 м/с.
4. Бір люк арқылы тиеудің орташа өнімділігін формула (4) бойынша анықтаймыз
П = 3600*0,87*0,3*1,24 = 1170 т/сағ.
5. Бір мезгілде екі люк арқылы бір вагонның көмірге толуының орташа уақыты


qв* 60 62*60



t'жүк = 2П = 2*1170 = 1,57 мин.

6. Әрбір кезекті вагон толғаннан кейін сырмаларды ашу мен жабуға арналған үзілістің, сондай-ақ вагондар тобының орнын ауыстырудың орташа ұзақтығы мынаны құрайды


lпр 1,5

t пер = vл + 2 tзатв = 0,18 + 2*5 = 18,5 с = 0,32 мин.
12 вагонды тиеу кезінде мұндай үзілістер 11 болады.
7. 12 үсті ашық вагонды тиеуге арналған уақыттың жалпы шығындарын - вагондар тобын тиеудің мерзімін формула (1) бойынша анықтаймыз


n



Т = tподг + m * tӘжүк + t всп + t закл =



12



2+ 1 * 1,57 + 11*0,32 +3 = 27,3 мин = 0,46 ч.

2-мысал. Тиелетін жүктердің үздіксіз қозғалысы кезінде бункерлерден көмір тиеу - жүрісі барысында тиеу.
Бастапқы деректері
12 үсті ашық вагоннан тұратын топты тиеу 1-мысалда келтірілген жағдайларда жүргізіледі, алайда маневрлік шығыр тросының қозғалыс жылдамдығы vл = 0,12 м/с-ге тең алынған.
Бұл жағдайда көмірді «жүрісі барысында», аялдамасыз тиеу тәсілі неғұрлым тиімді болып табылады, ол тиеу құрылғыларының қолда бар орташа өнімділігі 2340 т/сағатты толығырақ іске асыруға мүмкіндік береді. Вагондар аралығына өту кезінде көмір ағыны үзілістерінің қажеттігін болдырмау үшін бункерлердің шығару люктері ауыспалы науалармен жабдықталған. Вагондардың автотіркегіш осьтері аралығындағы орташа ұзындығы lв = 14 м, топтың жалпы ұзындығы L=12*14=168 м.
1-мысалдың бастапқы деректеріне қосымша маневрлік шығыр тросының жұмыс ұзындығы lтр = 100 м. деп алынған, соның салдарынан вагондарды тиеу процесінде тросты ағыту оны lпер= 70 м қайта тарту және вагондарға қайта бекіту үшін үзіліс жасау қажет. Тросты ағыту мен бекіту tотц бойынша = 0,4 мин, сырмаларды ашу мен жабу - 5 с бойынша = 0,1 мин.
Есептеу тәртібі
1. Бір вагонды оның бункер астында үздіксіз орын ауыстыруы жағдайында тиеудің орташа уақытын анықтаймыз
lв 14


t'жүк = 60 vл = 60*0,12 =1,92 мин.

2. Тросты қайта тарту үшін жұмыстағы үзілістің ұзақтығын анықтаймыз


lпер 70

tвсп=2t затв + 2 t отц + 60 vл=2*0,01 + 2*0,4 +0,12*60 = 10,6 мин.
3. 12 үсті ашық вагонды тиеуге арналған уақыттың жалпы шығындарын - вагондар тобын тиеудің мерзімін формула (1) бойынша анықтаймыз


n 12

T=tподг + m t'жүк +tвсп +tзакл=2+1*1,92+10,6+3=38,6мин=0,65 сағ.
3-мысал. Үсті ашық бункерлерден көмір тиеу.
Бастапқы деректері
Көмірді тиеуге конвейерлік желімен беру үш роликті науалы тірегі бар, таспасының ені В = 800 мм болатын таспалық конвейнерлерден құралған. Тіректің бүйірлік роликтерінің қисаю бұрышы 20о. Конвейер таспасын бір қалыпты толтыру жүргізіледі. Көмірдің көлемдік массасы y = 0,85 т/м3. Конвейер таспасындағы қозғалыстағы көмірдің табиғи қисаю бұрышы p = 30o. Таспаның 80%-дық толуы кезіндегі жүк қабатының көлденең қимасының алаңы F = 0,07089 В2 (1+2,6 tgp)= 0,07089-0,82(l+2,6 tg 30o) =0,11 м2. тең.
Таспа қозғалысының жылдамдығы vл = 1,8м/с; жүкті тиеу пунктіне беретін конвейердің шекті қисаю бұрышы a = 20o, ол конвейерлік желі өнімділігінің 17%-ға төмендеуін тудырады.
Вагондар аралығына өту кезінде көмір ағыны үзілістерін болдырмау үшін ауыспалы науалар қолданылады.
Тиеудің техникалық нормасы q в = 62 т. болғанда бес үсті ашық вагоннан тұратын топты тиеу мерзімін анықтау талап етіледі.
Дайындық және қорытынды операцияларға арналған уақыт шығындары тиісінше 2 және 3 минутты құрайды.
Есептеу тәртібі
1. Вагондарға көмір беретін конвейерлік желінің өнімділігін формула (4) бойынша анықтаймыз:
П = 3600*0,85*0,11*1,8 = 605 т/ч.
2. Бір вагонның көмірге толуының орташа уақытын анықтаймыз


q в*60 2*60



t'жүк = П = 605 = 5,9 мин.

3. Бес үсті ашық вагонды тиеуге арналған уақыттың жалпы шығындарын формула (1) бойынша анықтаймыз:


n 5



T= t подг + m t груз + t закл = 2 + 1 *5,9+3 = 34,5 мин.

В. Ағашты шығырлармен және элеваторлармен тиеудің мерзімдерін анықтау ерекшеліктері
Жұмыр ағашты ашық жылжымалы құрамға тиеу кезінде тартымдық күші 1,5-тен 5 т-ға дейінгі ТЛ-1, ТЛ-3 және басқа шығырлар, сондай-ақ ЭЖД-3 ағаш тиегіш элеваторлары кеңінен қолданылады. Вагондарды толық көлемде беру үшін қажетті ағаш материалдары алдын ала тиеу жолының жанында дайындалуы тиіс. Шығырлармен тиеу үшін аралық төсемдермен бөлінген ағаштың бумалары дайындалуы тиіс.
Вагондарды тиеуге арналған мерзімдерді есептеу жалпы формула (1) бойынша жүргізіледі. Дайындық және қорытынды операциялардың, сондай-ақ тиеу процесінде орындалатын көмекші операциялардың ұзақтығы хронометраждық бақылаулардың негізінде белгіленеді, төменде үсті ашық вагондар мен төрт осьті платформаларды тиеу кезінде тәжірибелік бақылаулармен белгіленген осы операцияларды орындаудың орташа ұзақтығының кестесі келтірілген.
Шығырларды қолдану кезінде жұмыр ағашты вагонға тиеуге арналған тікелей уақыт шығындары (минутпен) мына формуламен анықталады


qшт



t груз = t ц * q n * t + t всп, (8')

мұндағы t ц - ағаш бумасын тиеу циклының орташа ұзақтығы, мин;
q шт - вагондағы ағаштың бір қатқабатының көлемі, пл, (тығыз), м3.
Кесте (1)

Операциялардың атауы

Операцияның ұзақтығы, мин

Үсті ашық вагон

Төрт осьті платформа

Дайындық операциялары t подг - тіреулерді орнату, аралық төсемдерді төсеу, орнату слег...................... Көмекші операциялар t всп: Ағашты орташа байлау және аралық төсемдерді төсеу. Кезекті қатқабатты төсеуге көшу кезінде тиеу процесінде вагонның орнын ауыстыру....... Қорытынды операциялар t закл Тіреулердің жоғарыдан байластыру және бөренелерді тегістеу.....

10-нан 13-ке дейін 2 1 10-нан 12-ге дейін

12-ден 16-ға дейін >> 12 >> 16 1 12-ден 18-ге дейін

Ұзындығы 6,5 м ағашты тиеу кезіндегі орташа мағына qшт=25 тығыз м3;
qn - ТЛ-1 шығырымен тиеу кезіндегі буманың орташа көлемі,
qn =1,25 тығыз м3, ХЛ-3 шығырымен тиеу кезіндегі буманың орташа көлемі,
qn = 3,75 тығыз м3;
t - вагондағы ағаш қатқабаттарының саны;
t всп - көмекші операцияларға арналған уақыт шығыстары, мин.
Жұмыр ағашты ЭЖД-3 ағаш тиегіш элеваторларымен тиеу кезіндегі тиеуге арналған тікелей уақыт шығындары (мин)


60qшт



t груз = (П + t подг ) t + t всп, (9)

мұндағы qшт - вагондағы ағаш қатқабатының көлемі, тығыз м3; 1 - вагондағы ағаш қатқабаттарының саны; П -элеватордың өнімділігі, т/сағ;
t подр - элеваторды тоқтатып орындалатын бөренелерді тегістеуге арналған уақыт шығындары. Тәжірибелік хронометраждық бақылаулармен t подр әрбір қатқабаттақ 16 минуттан артық емес құрайтындығы белгіленген;
t всп - орташа байламды салу мен аралық төсемдерді төсеу қосалқы операцияларына арналған уақыт шығындары (1-кестені қара).
4-мысал. ТЛ-1 шығырын қолданып ұзын өлшемді ағашты (6,5 м) тиеуге арналған мерзімді анықтау;
а) бір үсті ашық вагонды тиеуге;
б) төрт осьті платформаны тиеуге.
Бастапқы деректері
Тростың шығыр барабанына оралу жылдамдығы vл = 0,6 м/с; бір циклда қамтитын ағаш бумасының көлемі qn =1,25 тығыз м3; Буманы қатқабаттан қисайған құламаға дейін тасымалдаудың орташа қашықтығы lп = 4,5 м; буманы қисайған құлама бойынша көтеру биіктігі hподг=5 м; буманы вагонға түсірудің орташа тереңдігі hоп = 2 м; вагонға тиелетін қатқабаттардың саны т=2; әрбір қатқабаттың сыйымдылығы qшт = 25 тығыз м3.
Хронометраждық деректер негізінде белгіленетін t подг, t всп және t закл мәндерін кестеден аламыз, тиісінше үсті ашық вагон үшін 13 және 12 мин, төрт осьті платформа үшін - 15, 16 және 17 мин, ағаштың әрбір бумасын тиеу циклының ұзақтығы хронометражбен анықталатын жеке құрамдас операциялардың ұзақтығымен анықталады:
а) тиеу жолының жанындағы қатқабаттағы ағаш бумасын чокерлермен бекіту:
t заст = 0,25 мин;
б) чокерлерді ағыту және тростарды тарту t расц =0,25 мин;
в) келесі буманы бекіту үшін тростарды чокерлермен бірге орташа 4,5 м қашықтыққа сүйреп апару t отт = 0,2 мин.
Вагонға тиелген бөренелерді тегістеуді басқа операцияларды орындаумен параллельді жүргізеді.
Есептеу тәртібі
1. Бір бума ағашты вагонға тиеу циклының орташа ұзақтығын анықтаймыз:


Тц = t заст + t под + t опуск + t расц + t отт =



= 0,25+0,36+0,12 + 0,25+0,2= 1,18 мин.

мұндағы t под - жылдамдату мен баяулатуға арналған 0,1 минутты ескере отырып тростың оралу жылдамдығы vл =0,6 м/с болғандағы ағаш бумасын қатқабаттан қисайған құламаға дейін 4,5 м орташа қашықтыққа және құламалармен вагонға дейін 5 м қашықтыққа беруге арналған орташа уақыт шығыны:


4,5 +5



t под = 0,6 * 60 + 0,1 = 0,36 мин;

t опуск - буманы вагонға 2 м орташа тереңдікке тежей отырып түсіруге арналған уақыт шығыны:


2.



t опуск = 0,6 * 60 + 0,06 = 0,12 мин.

2. Ортаңғы аралық төсемді төсеу және екінші қатқабатты төсеу үшін вагонның орнын ауыстыру көмекші операцияларын ескере отырып, үсті ашық вагонды тиеуге арналған тікелей уақыт шығынын анықтаймыз


25 тығыз м
3


t груз = 1,18 * 1,25 тығыз м3 *2 +3 = 49,2 мин

Бір үсті ашық вагонды тиеуге арналған жалпы уақытты формуламен (1) анықтаймыз.
Т = 13+49,2+12 = 74,2 мин = 1,25 ч.
3. Ортаңғы аралық төсемді төсеу және екінші қатқабатты төсеу үшін платформаның орнын ауыстыру көмекші операцияларын ескере отырып, төрт осьті платформаны тиеуге арналған тікелей уақыт шығынын анықтаймыз:


25 тығыз м3



t груз = 1,18 * 1,25 тығыз м3 *2 +16 = 62,2 мин

Бір төрт осьті платформаны үсті ашық вагонды тиеуге арналған жалпы уақытты формуламен (1) анықтаймыз
Т = 15,0 + 62,2+17 = 94,2 мин = 1,57 ч.
5-мысал. ЭЖД элеваторын қолданып ағашты (6,5 м) тиеуге арналған мерзімді анықтау;
Бастапқы деректері
Үсті ашық вагонға ұзындығы 6,5 м жұмыр ағашты ЭЖД-3 үлгілі элеватормен тиеу жүргізіледі. Бір бөрененің орташа көлемі qбр -0,2 тығыз м3 (диаметр 20 см). Тиелетін бөренелер элеватор ілмегіне алдын ала тиеу шебіне төселген сыйымдылығы 25 тығыз м3 қатқабаттан домалатып әкелінеді. Элеватор ілмектерінің қадамы a = 3584 мм, көтеру шынжырының жылдамдығы vэ = 0,35 м/с. Дайындық, қорытынды және көмекші операцияларға арналған уақыт шығындары шамамен ағашты шығырмен тиеу кезіндегі осындай шығындарға сәйкес келеді және кестенің (1) деректері бойынша қабылданады. Тиеу уақытын анықтау талап етіледі:
а) тиеу нормасы 50 тығыз м3 болғанда бір үсті ашық вагонды;
б) сыйымдылығы сондай бір төрт осьті платформаны.
Есептеу тәртібі
1. Бір үсті ашық вагонға бөренелерді элеватормен тиеуге арналған тікелей уақыт шығынын формуламен (9) анықтаймыз (минутпен):


60qшт



t груз = (П + t подг) t + t всп,

мұнда формулаға (5) сәйкес qбр тығыз м3 өнімділік П (тығыз м3/сағ.) тең:


qбр



П = 3600 * a * vэ

П мәнін формулаға (9) қойғанда, мынаны аламыз


60qшт



t груз = (П + t подг) t + t всп =



25*3,584



t груз = (0,2*0,35*60 + 16)*2+3=(21+16)*2+3=77

а) бір үсті ашық вагонды тиеуге арналған тікелей уақыт шығынын формуламен (1) анықтаймыз


Т = 13+77+12 = 102 мин = 1,7 сағ.

2. Бөренелерді ЭЖД-3 элеваторымен төрт осьті платформаны тиеуге арналған тікелей уақыт шығыны бөренелерді үсті ашық вагонға тасуға арналған уақыт шығынын есептеу сияқты анықталады, алайда бұл жағдайда көмекші операциялардың ұзақтығы артық болады (228-беттегі кестені қара). Осылайша,


25*3,584



t груз = (0,2*0,35*60 + 16)*2+14=88 мин;

б) бір төрт осьті платформаға тиеуге арналған жалпы уақытты формуламен (1) анықтаймыз


Т = 15+88+17 = 120 мин = 2 сағ.

Г. Жүктерді бункер үлгісіндегі арнайы вагондарға тиеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет