Жапонияның ерте феодалдық тарихының деректері. Орындаған: Тілеуберген Санжар. Қабылдаған: Абдрахим Мирас. 1 Кіріспе



Дата11.02.2022
өлшемі13,41 Kb.
#131550
Байланысты:
Тілеуберген Санжар СӨЖ 1. АЗИЯ және АФРИКА
2.СӨЖ.ҚЖЗТ.Жүрсінәлі Ернар, 1.СӨЖ. АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА. ЖҮРСІНӘЛІ ЕРНАР, 1.СӨЖ. МҰРАҒАТТАНУ. ЖҮРСІНӘЛІ ЕРНАР, 2.СӨЖ.ҚЖЗТ.Жүрсінәлі Ернар (1), 1.СӨЖ.ҚҚЗТ.Жүрсінәлі Ернар, Диоклетиан реформалары, ФИЛОСОФИЯ СРС4.Жүрсінәлі Ернар, ФИЛОСОФИЯ.СӨЖ.5. Жүрсінәлі Ернар, 1. ҚҚЗТ Семинар. ЭССЕ, ИСПАНИЯНЫҢ МҰРАҒАТ ІСІ, АНГЛИЯНЫҢ МҰРАҒАТ ІСІ, ҚЖЗТ СӨЖ.Жүрсінәлі ЕРНАР, Архивтану тарихы, Основы Архивоведения

Жапонияның ерте феодалдық тарихының деректері.
Орындаған:Тілеуберген Санжар.
Қабылдаған:Абдрахим Мирас.
1)Кіріспе.
Азия елдерінің ерте феодалдық кезеңі түрлі бөлімдерден тұрады. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Менің таңдағаным Жапонияның ертефеодалдық деректері.Негізінен Жапонияның тарихын баяндайтын деректер өте көп, онда негізінен Жапониядағы мемлекеттің қалыптасуы, әлеуметтік саяси жүйе және феодализм сынды мәселелерге деректер кездеседі. Ал енді осы деректер туралы толықтырсам.
2)Негізгі бөлім.
Орта ғасырлардағы Азия тарихын зерттеу, оны бүгінгі күнмен байланысын білу әлі ғылыми тұрғыдан шешімін таппай жатқан мәселелердің жауабын табуға көмектесіп, тарихқа деген ынта ықыласты тудырады. Бүгінгі таңда шығыс тарихын зерттеу ендi қолға алынып, тарихшы ғалымдар бұл салаға көп күш жұмылдыруда. Атап айтсақ, бұл сала бойынша орыс тарихшы ғалымдары: Е.М. Жуковтын "Исторические корни японского милитаризма - Японский милитаризм" еңбегінде, И.А.Епифановтың "Харакери в Японии. Знание и польза" еңбегiнде, Е.М.Булгакованың "Япония и японцы еңбектерінде осы мәселеге байланысты зерттеулер жасаған, сонымен қатар Ф.М.Ацамба. 3.Г.Лапин, М.С.Мейер. И.М. Сырицын, В.М. Семенов. Ю.Д.Кузнецов, С.С.Пасков және т.б. ғалымдар Жапониядағы феодализмнiн қалыптасу процесі мен самурайлардың осы уақыттағы қандай роль атқарғандығы туралы өз еңбектерiнде тоқталып өткен. Самурай терминi жапон әскерлерiне де қолданылады. Е.А.Мельникова самурайларды XI ғасырдағы Скандинавиялық хускарлармен салыстыра отырып, оларда құл немесе дружиниктер ретінде феодалдардың ауласында қызмет еткен деп өз ойын айтады. Менің ойымшабұл жерде Мельникованың негізгі ойы осы кезеңде Жапон қоғамында самурайлардың ендi қалыптаса бастауы, бұрынғы құлдардың сақталған сарқыншақтары негізінде қалыптасып, уақыт өте келе олардың негiзгi кәсiбi әскери іспен айналысуға ұласты десе керек. Себебі, жоғарыда айтып кеткендей құл еңбегі Жапонияда феодализмнің қалыптасу кезеңінде жойыла бастағанын, ал самурайлардың қалыптасуы VII-VIII ғасырға жататындықтан бұл кезеңде құл еңбегін пайдалану толығымен жойылған болатын.
Егер самурайлардың пайда болуы VII-VIII ғасырлар арасында қалыптасып, қызмет ету деген сөздің аясында шыққанын ескерсек, онда самурайлардың қалыптасуы Жапон қоғамындағы феодализмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде қарастыруға болады. Себебі, дәл осы мезетте Жапония қоғамында феодализм процесi жүрiп жатқан болатын, олай болса самурайлар әскери сословиесі мен феодализм бiр мезетте қалыптаса бастаған деп айтуға толық негіз бар.
Ал А.Б.Спеваковский самурайлар тобын Жапониядағы әскери қызмет еткен дворяндар деп, олардың пайда болуын VII - VIII ғасырларға жатады деп өз еңбегінде атап етеді. Бұл ғалымдардың тұжырымдарынан самурайлар алдымен VII ғасырдың аяғында құлдардың сарқыншақтары ретінде, ал кейiн әскери сипатқа ие болып, жеке сословие болып қалыптасқанын көруге болады, сонымен қатар осы кезең Жапониядағы ерте феодализмнің қалыптасуымен тұспа-тұс келетінін де ескеруiмiз қажет.
3.Қорытынды.
Қорытындылап айтар болсам, Жапонияның ертефеодалдық қалыптасу кезеңі туралы осындай түрлі деректер кездесті. Олардың негізінде мен Жапония туралы деректермен, және ондағы феодализмнің қалыптасуымен таныстық, және феодализмің бір бөлшегі ретінде әлеуметтік саяси сипатқа ие болған самурайлардың қалыптасуы туралы барлығын білдім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет