84-бап. Тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары 1. Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпалы бар мынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн:
1) ескерту;
2) ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;
3) келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетiн жүктеу;
4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу;
5) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру;
6) жәбірленушіден кешірім сұрау міндеттемесін жүктеу;
7) пробациялық бақылау белгілеу.
2. Кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпалы бар бiрнеше мәжбүрлеу шарасы бiр мезгiлде тағайындалуы мүмкiн.