Абай атындағы гимназия мектеп Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Іс әрекетті зерттеу бойынша тізбектелген сабақтарды өткізу жұмыстарының есебі Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Ешенхан Л.А.
2021-2022 оқу жылы
Іс әрекетті зерттеу бойынша тізбектелген сабақтарды өткізу жұмыстарының есебі Іс –әрекеттегі зерттеуді неден бастау керек? Мәселеден.
Мәселе – бұл сені толғандыратын нәрсе. Не дұрыс емес? Неге?
Мәселе туралы мәлімет жинау
Мақсат қоямыз
Дәлелдемелер жинаймыз.
Мен өзгерістер жайлы қалай білемін?
Не сәтті болды, не сәтсіз болды анықтаймыз
Жаңа тәсілдерді күнделікті сабақ барысында пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат-мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. 6"а" сынып оқушыларынан сауалнама алғанымда "сабақта өз ойынды ағылшын тілінде еркін жеткізе аласыңба?", "Мұғалімдердің ағылшын тілінде қойған сұрақтарын оңай түсінесіңбе?"-деген сұрағыма кейбір оқушылар "ия"деген оқушылардың басым бөлігі "жоқ" деп жауап берген. Сауалнамадан анықтағаным, оқушылардың ағылшын тілі сабағында айтылым дағдысы әлсіз болып шықты.Осыдан" Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін қолданып, оқушылардың сөйлеу қабілетін арттыра аласыңба?"деген ой туындады. Менің ендігі мақсатым- өзімдегі бар білімімді, үйренген әдіс-тәсілдерді,іс әрекетті зерттеу жұмысына таңдап алынған 6 «а» сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығын арттыру болды. Тізбектелген төрт сабағымның зерттеу тақырыбын:"Ойын түрлері арқылы ағылшын тілі сабағында оқушылардың айтылым дағдысын қалай арттыруға болады?"-деп алдым.