Зерттеу жұмысының мақсаты: Сабақта айтылым дағдысына бағытталған ойын турлері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін және ағылшын тілінде тимді сұрақтар, аудио, видео қолдану арқылы оқушылардың білімдерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: Ойын түрлері арқылы оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығы оянып, ынтасы мен белсендігі артады, ағылшын тілінде сұрақтарға еркін жауап бере алады, мұғалімнің айтқанын қолдаусыз түсіне алады.
№1 тізбектелген іс әрекетті зерттеу сабағында:
Іс әрекетті зерттеуде 6 А сыныбында айтылым дағдысы бойынша бірқатар мәселелер болғандықтан, осы сыныппен тізбектелген сабақтарды өтіп, жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздедім. Зерттеу сұрағым «Ойын түрлері арқылы ағылшын тілінде айтылым дағдысын қалай дамытуға болады?» болғандықтан оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Making a poster about favourite film» тақырыбында зерттеу сұрағыма дағдыланған сабағымды өттім. Бұл сыныпта кейбір оқушылардың топтық жұмыс жасау жағы әлсіз екендігін аңғарып, тізбектелген бірінші сабағымда, тиімді болатын Постер жасау әдісін қолдандым және жасаған Постерді ауызша қорғау арқылы, бақыланған оқушыларда айтылым дағдыланғанын байқадым. Сабақ барысында Crossword әдісі топтық жумыста тиімсіз екенін аңғардым. Себебі айтылыммен байланысы болмады, оқушылардың сөйлеу қабілетіне еш әсерін тигізбеді. Сондықтан келесі циклда осындай қателіктерді аңғара алатын болдым. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы артқанын көрдім, яғни, күтілген нәтижені көрдік.
№2 тізбектелген іс әрекетті зерттеу сабағында:
Іс әрекетті зерттеу тізбектелген сабағымнын 2ші кезеңінің тақырыбы: «Parks around the world». Зерттеу сұрағыммен байланыстырып тиімді ойын түрінде «Quick-memory» әдісін қолдандым және мәтінмен жұмыс болғандықтан, сабақта тиімді болатын» «Vienn diagram» әдісін қолдандым. Оқушылар алдыңғы сабағыма қарағанда белсенділігі артты. Тиімді болған әдістерді «жинаққа» салып отыратын болдым. Топтық жұмыста оқушылардың қабілеті бірқатар артты. Топта ақылдаса отырып, айтылым дағдысында оқушылар ауызша жауаптарын толығырақ жауап бере алатын болды.
№3 тізбектелген іс әрекетті зерттеу сабағында:
Іс әрекетті зерттеу тізбектелген сабағымнын 3-ші кезеңіндегі сабақ тақырыбы: «Holidays and travel». Сабақ барысында ең алдымен «HotChair» әдісімен үй жұмысын тексердім. Жаңа сабақты бастамас бұрын сынып ішінде жылы атмосфера ұйымдастырдым яғни, are you ready? Yes we are. We are all the way up! Nothing cannot stop us, we are all the way up! Who let the dogs out? Who, who, who? Less talking, more walking! тақпақ ретінде қолдандым. Оқушыларды сабақтың мақсаттарымен таныстырдым. Жаңа сабақтың тақырыбын бейнеролик көрумен бастады. Жаңа сөздермен жұмыс уақытында «топтық жұмыс» қолдандым. Оқушылар ережеге сәйкес қиындық деңгейі әр түрлі үш қағазбен 5 сөздің аудармасын тауып, берілген уақытта топпен ауысып жұмыс жасады. Сабақ барысында Жаңа тақырыпқа байланысты оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында қолданылған тапсырманы орындатуда тиімді болатын «Wordwall» сайтында quiz, anagramma, true or false сияқты ойындар ойнатылды. Жалпы сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізе білді.
№4 тізбектелген іс әрекетті зерттеу сабағында:
Іс әрекетті зерттеу тізбектелген сабағымнын 4-ші кезеңіндегі сабақ тақырыбы: «My country. Reading for Pleasure». Алдыңғы сабақтарда оқушылардың білім сапасы едәуір көтерілгендіктен, жеңілден күрделіге спиральды түрде, тапсырмаларды қиындату мақсатында «Блум Түймедағының сұрақтары», «Конструктор», «Blank Filling», «Characters world» стратегияларын алдым.
Сабақты ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Voice ball» сергіту сәтімен бастадым. Оқушыларды тақырыпқа сай 3 топқа бөлдім. Оқушылар орындарына отырғаннан кейін, «Brainstorming» жасап, What is the music? Can you name the characters? Do you like reading books?, - сияқты сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын аштық. Оқушыларды сабақ мақсаттарымен таныстырып, олар бүгінгі сабақта неге қол жеткізетінін айты өттім.
Оқулық бойынша мәтінмен жұмыс алдында тақырыптың таныс емес, жаңа сөздердін аудармасымен интерактивті тақтадан оқып қайталады. Оқылым дағдысы бойынша мәтінді оқушылар өздері жаңа сөздермен салыстыра отырып оқып, мағынасын түсінді. Мәтінді оқып болғаннан кейін, «Блум Түймедағындағы» әртүрлі деңгейдегі сұрақтарға әр топ 2 сұрақтан алып жауап берді. Оқушылар өз ойларын жақсы жеткізді. Кейбір оқушылар ағылшын тілінде анық, нақты жауап берсе, кейбір оқушылар тілдік қорларының жетіспеуіне байланысты жауап беруден қиналды, бірақ мұғалімнің қолдауымен, өз ойларын жеңіл сөздермен(Simple words) жеткізуге тырысты.
Сабақты қорытындылау мақсатында келесі тапсырма оқушылар мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беру болды. Жауап беру барысында оқушылар «in my opinion, I think, in the first/second text…» тіркестерін еркін қолдана білді. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынды. Рефлексия «Stickers» әдісі бойынша алынды.
Соңғы сабағымнан кейін оқушылардың айтылым дағдысында туындаға, мәселелерді шешуде 4-тізбектелген сабақтарда 6 «А» сынып оқушыларымен қандай нәтижеге қол жеткізгенімді анықтау үшін, әр сабақтан кейін пайызын шығарып салыстырдым. Оқушылардың білім сапасы, қай мәселелері бойынша көтерілгенін төменде көрсетілген кестеден көрсек болады:
Достарыңызбен бөлісу: |