Іс-тәжірибе бағдарламасын дайындаған: PhD.,Сәрсенбі Ә


Магистранттардың зерттеулік тәжірибесінің өту орны



бет4/12
Дата04.01.2022
өлшемі36,52 Kb.
#109045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Магистратура Физика зертеу багдар 2019

1.2 Магистранттардың зерттеулік тәжірибесінің өту орны

Магистранттардың зерттеулік тәжірибесі ұлттық экономиканың алғашқы звеноларының экономикалық қызметтерінде - ғылыми-зерттеулік жұмыс жүргізетін, магистрлік диссертацияны орындаумен байланысты мәліметтерді жинау мен зерттеуге мүмкін болатын әр алуан ұйымдық-құқықтық және жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелерде өткізіледі. Шеттегі мекемелер негізінде құрылған зерттеулік тәжірибе университет пен сәйкес кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасындағы келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Келісімшартта тәжірибе жүргізуге қатысты барлық сұрақтар, соның ішінде университет және мекеме атынан екі тәжірибе жетекшілерін бекіту жайы ескеріледі. Өз мамандығы бойынша жұмыс істейтін магистранттар, магистрлік диссертация мен тәжірибе жетекшілерінің келісімін алған жағдайда, зерттеулік тәжірибені сол жұмыс орнында өте алады. Магистрант тәжірибе өтетін мекенің құрылымдық бөлімшелері, ондағы орны мен шені көрсетілген өтінішті тәжірибе басталуынан 1 ай бұрын кафедраға беруге міндетті. Тәжірибе өтетін бөлімшелерде, тәжірибе бағдарламасы бойынша жеке тапсырмаларды орындауға арналған жұмыс орындары бөлінеді. Магистранттар тәжірибе өту барысында жұмыс орны мен бөлімшелерде белгіленген барлық техникалық қауіпсіздік және ішкі тәптіп ережелері бағынады. Тәжірибе өту уақыты және ұзақтығы академиялық күнтізбе мен негізгі оқу жоспарына сәйкес тағайындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет