Іс-тәжірибе бағдарламасын дайындаған:____________ PhD.,Сәрсенбі Ә
«Физика-математика және информатика» кафедрасының отырысында қаралған және ұсынылған.
Хаттама № ____ « ____» ________ 20__ ж.
Кафедра меңгерушісі: PhD.,Бердиева М
«Физика,математика және кәсіби білім» факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданған.
Хаттама № ____ « ____» ________ 20__ ж.
МАЗМҰНЫ
I. Жалпы ережелер
1.1 Зерттеулік тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері
1.2 Магистранттардың зерттеулік тәжірибесінің өтетін орны
1.3 Магистранттың тәжірибе өту барысында қалыптасқан құзыреті
II. Тәжірибе мазмұны және құрылымы
2.1 Кафедрадан зерттеулік тәжірибе жетекшісінің міндеттері
2.2 Мекеме атынан зерттеулік тәжірибе жетекшісінің міндеттері
Магистрант-тәрбиеленушінің міндеттері
Ш. ЗЕРТТЕУЛІК ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЖАЗБАША ЕСЕПТЕР
IV.ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕПТЕМЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
V. МАГИСТРАНТТЫҢ КҮНДЕЛІК ЖҮРГІЗУІ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7М01502-Физика бағытында магистрлік даярлау бағдарламасы бойынша оқитын магистраттардың оқу барысын даярлау элементтерінің бірі зерттеулік тәжірибе болып табылады. Ол магистранттардың оқу барысында алған теориялық білімдерін бекітуге, кәсіптік жұмысқа дағдылануға, теориялық оқу барысында алған білімдерін, құзыреттерін тереңдету мен бекітуге мүмкіндік береді. Тәжірибе теориялық және тәжірибелік мәліметтерді зерттеу кезінде бірізділік пен реттілікті қамтамасыз етеді, зерттеу пәніне кешенді тәсілдеме қарастырады. Зерттеулік тәжірибенің шынайы бағдарламасы келесі заңнамалық құжаттарда көрсетілген талаптарға сәйкес жасалған:
1. ҚР "Білім беру жайлы" заңы 27.07.2007 ж., №319-III-ЗРК өзгертілген және толықтырылған.
2. 23.08.2012-дан №1080 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім стандарты.
3. 17.05.2013 № 499 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімді ұйымдастыру қызметінің үлгілік ережелері
4. 20.04.2011-дан № 152 ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген, кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу барысын ұйымдастыру ережелері.
5. 18.03.2008 жылдан (өзгертілген және толықтырылған) № 125 ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген, жоғарғы оқу орындарында оқитындардың ағымдағы үлгерім бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік ережелері.
Зерттеулік тәжірибе теориялық оқу толық аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады. Зерттеулік тәжірибенің мазмұны диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |