FIGO жіктеуі (2009 ж.)
I дәреже - ісік жатыр мойнымен шектелген
II дәреже –Ісік жатыр денесімен шектелген ,жамбас қабырғалары мен қынаптың төмеңгі үштен біріне тарамаған.
III дәреже – Ісік жамбас сүегіне немесе қынаптың төмеңгі үштен біріне тараған,немесе қызметің атқармайтың бүйрек әлде гидронефроздың болуы
IV дәреже –Ісіктің қуықтың шырышты қабатына немесе тік ішекке өтуі, кіші жамбас қуысының шектерінең шықпауы (IVА стадия), ,шеткері метастаздар беруі (IVВ стадия)
Клиникасы
Ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтуі
Қатынасты қан кетулер (жыныстық қатынастан,гинекологиялық қараудан кейің)
Сулы жұғындылар
Бел аумағы,сегізкөз,шат аймағыңда интенсивтілігі әртүрлі болатың ауыру сезімі.
Метастаздар кезіңде ішек жолдарының, зәр шығару жуйесі қызметтерінің
Жалпы симптомдар (әлсіздік,жоғары шаршағыштықжұмыс істеуге екпінінің болмауы)
Жатыр мойны қатерлі ісігінің симптомдары
Обыр алды өзгерулер және жатыр мойны қатерлі ісігінің батамасында ауру сезімдері мен басқа да симптомдар көрініс бермейді. Дәрігердің қабылдауына дейін ауруды күтудің қажеті жоқ.
Әйелдердің жағдайы нашарлай бастағанда төмендегідей бірнеше симптомдар пайда болуы мүмкін:
Қынаптан әдеттегіден тыс қан кетеді
o Тұрақты етеккірлер арасында қан кете бастайды;
o Жыныстық қатынастан кейін, жамбасқа тексеру жүргізгенде қан кетеді;
o Етеккір бұрынғысынан қарағанда ауыр болады, және ұзаққа дейін тоқтамайды;
o Менопаузадан кейін қан кетеді:
Қынаптан бөлінділер көп шыға бастайды;
Жамбас жақтың ауруы күшейеді;
Төсек қатынасына түскен кезде ауру сезімі мазалайды.
Бұл симптомдар сондай-ақ, инфекция немесе денсаулыққа байланысты басқа да мәселелер туындағанда туындауы да мүмкін. Нақтысын сізге, тек дәрігеріңіз айтып бере алады. Осындай кез-келген симптомы бар әйелдер дәрігерге қаралуы керек, себебі, диагноз қанша ерте қойылса, емдеу де соншалықты уақытымен жүргізіледі.
0
|
10
|
20
|
30
|
3
|
Жатыр мойнының ІІ дәрежелі рагында негізгі емдеу әдісі
|
ІІ сатысы: Қатерлі ісік жатыр мойнының қабырғасын тесіп өтіп іргелес тіндерге таралады. Ол қынаптың жоғарғы бөлігіне орналасады. Қатерлі ісік қынаптың төменгі бөлігінен немесе жамбас қуысының қабырғасында көрінбейді.
Цервикалды обырға шалдыққан көптеген әйелдер медицина тұрғысынан өздеріне деген көмектің түрлерінен хабардар болғысы келеді. Науқастардың ауру туралы жан жақты танысып, оның емдеу жолдарын іздестіруі әрине белгілі. Алайда обыр ауруына шалдыққаны туралы хабардан естерін жия алмаған науқастар, дәрігерге нақты және қажет сұрақтардың бәрін қоя алмай қалады. Мұндай мәселе дәрігерге бармастан бұрын, сұрақтарды дайындап, толықтырып жазып алу арқылы шешімін табады.
Дәрігердің айтқандарын есте сақтап қалу үшін, пациенттер жазбалар жасауына болады немесе рұқсат сұрап диктафонның көмегіне жүгінеді. Сондай –ақ кейбір пациенттер дәрігермен сөйлесу барысында туысқандарының немесе досының әңгімелеріне қатысып, жазба жасап немесе жай ғана тыңдап отыруы үшін, бірге болуын қалайды.
Сізге бірден барлық сұрақтарды қою міндет емес. Кейбір түсінксіз жайттарды немесе қосымша ақпарат алу үшін дәрігеріңізден кеңес алу мүмкін болады. дәрігеріңіз арнайы мамандарға жолдайды немесе өзіңіз мұндай жолдаманы сұрап алуыңыз мүмкін. цервикалды обырды емдейтін аранай мамандарға - гинеколог, гинеколог- онкологтар, медициналық онкологтар және онколог – радиологтар болып табылады.
Цервикалды обырға шалдыққан әйелдерді хирургиялық операциямен, сәулелі терапия және химиотерапиямен немесе осы үш әдісті бірге қолдану арқылы емдеуге болады.
Цервикальді обыры бар әйел аурудың кез-келген сатысында ауруды және басқа да симптомдарды бақылау, жанама әсерлерді басу үшін, сондай-ақ эмоциялық және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін ем жүргізуі мүмкін. Мұндай емдер күтімілге қолдау көрсету, симптомикалық емдеу немесе паллиативті күтім деп аталады.
|