Сәулелі терапия
Сәулелі терапия (радиотерапия деп те аталады) обыр жасушасын жою үшін жоғары-энергиялық сәулені қолданады. Ол өзі түсірілген, яғни әуле шағылысқан жерге ғана әсер етеді.
Радиациялық терапиясының науқастарға ыңғайына қарай, химиотерапия немесе химиотерапия мен хирургияны қатар қолдану тағайындалады. Дәрігер сәулелі терапиямен хирургиялық операцияны, тек медициналық себептерге байланысты хирургиялық ем оңтайсыз болып қалған жағдайда ғана қолданылады. Жатыр мойны маңындағы таралған обыры бар аурулардың көпшілігі сәулелі және химиотерапияның курсына барып тұрады. Белгілі бір мүшелерге обыр іссігі жайылып кетсе, сәулелі терапия тағайындалуы мүмкін.
Дәрігер цервикальді обырды емдеу үшін сәулелі терапияның екі түрін қолдануы мүмкін. Кейбір науқастарға екі түрі де емделуге жарайды.
• Сыртқы сәулелендіру: Сәуленің негізгі көзі үлкен құрылғы, ол денеден тыс жүзегеасады. Әйелдер әдетте, амбулаторялық жағдайдағы емхана немесе клиникаға емделуге барады. Сосын, сыртқы сәулелендіруге аптасына 5 күні, бірнеше апта бойы ем алуы мүмкін.
• Ішкі сәулелендіру (ішкі-қуыстық сәулелендіру): Құрамында радиоактивті зат бар, жүңішке түтікше (имплант деп те аталады) қынап ішінде бірнеше сағаттан 3 күнге дейін қалдырылады. Мұндай кезде әйелдер емханада жатқызылады. Айналасын радиациядан қорғау үшін, түтіктер іште қалады. Әйелге келушілер кіргізілмейді ол кезде, кіргізілсе де өте қысқы уақытқа кіріп шығады. Тек әйелдің ағзасы радиоактивтеніп болғаннан кейін ғана түтіктер алынады. Ішкі сәулелендіру екі рет өткізіледі немесе бірнеше аптадан кейін жүргізледі.
Достарыңызбен бөлісу: |