PART 04 A
C
B
Title text addition The user can demonstrate on a projector or computer, or print the presentation and make it film

Инвестициялық шығындар (І) – бұл фирма сияқты ірі макроэкономикалық субъектінің құрал-жабдықтар, қорлар, жылжымайтын мүліктер ретіндегі инвестициялық тауарларға деген жеке сатып алушылық сұраныстарын сипаттайтын AD-ның ең маңызды компоненті. Инвестиция көлемі негізінен шығарылым көлемімен, негізгі капиталдың құнымен және экономикадағы болашақ жағдайларды күтумен байланысты анықталады. Инвестициялық шығындар AD-ның құрамында ең өзгермелі қасиетке ие, ауытқуларды немесе толқуларды туындатып отырады. Абцисса осінде – нақты ЖҰӨ немесе өндірістің нақты көлемі, ордината осінде – бағалар деңгейі немесе дефлятор, яғни абсолюттік емес, салыстырмалы көрсеткіш. AD қисығы төмен қарай бағытталған, өйткені бағалардың өсуі (Р↑) қолдағы ақшаның нақты көлемін (М/Р) қысқартады. Сәйкесінше, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс (Ү↓) қысқарады. Осы арқылы AD-ның көлемі мен бағалар деңгейі (ақша ұсынысы мен ақша айналымының жылдамдығын тұрақты деп алғанда) арасында кері тәуелділіктің бар екені түсіндіріледі.