AD қисығының теріс көлбеулі болуы, мына үш әсер (эффект) арқылы түсіндіріледі: Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері); Пигу әсері (нақты кассалық қалдықтар әсері немесе байлық әсері); Импорттық сатып алымдар әсері. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері) былай түсіндіріледі, яғни бағаның өсуімен байланысты ақшаға деген сұраныс өседі; ақша ұсынысының тұрақтылығы жағдайында пайыз мөлшерлемесінің деңгейі артады. Пайыз мөлшерлемесінің өсуімен экономикаға салынатын инвестиция көлемі қысқарады, олай болса, AD көлемі де қысқарады: