Жетістік критерийлері
Оқушылар «Қызыл кітап» туралы жаңа сөздерді меңгереді.
3 минут
5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы
3 минут
Видеомен танысып, қызыл кітап туралы білімдерін кеңейтеді.
Қызыл кітап туралы не білесіңдер?
Бізге қызыл кітап керек пе?
(Ұ) Сөздікпен жұмыс. (Т) «Сөздерді 3 тілде айт» ойыны арқылы флипчартта сөздерді 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) сәйкестендіру. «Құстар» тобы сөздерді қазақша, «Жануарлар» тобы сөздерді орысша, «Өсімдіктер» тобы сөздерді ағылшынша сәйкестендіреді.
(Т) Оқушылар «Ойлан тап» әдісі бойынша постер жасап, оны қорғайды.
1 топ. «Өсімдіктер» туралы постер қорғайды.
2 топ. «Жануарлар» туралы постер қорғайды.
3 топ. «Құстар» туралы постер қорғайды.
(Ж.ж+ Ұ) Тапсырма (Ж) Жұптық жұмыс. «Ойлан-жұптас» әдісі «Қызыл кітаптың маңызы» тақырыбында диалог құру.
Мәтінді мұқият оқып, мазмұн бойынша өз бұрышыңызға бір сұрақ құрастырып жазыңыз. Дастарқанды сағат тілімен айналдырып, көршіңіздің сұрағының астына жауап жазыңыз.
Топпен кері байланыс орнату
Қызыл кітап туралы мәтін ұнады ма?
Қызыл кітап бізге қажет пе?
мәтін
Қызыл кітап
1948жылы әлемде алғаш рет «Табиғатты қорғау»одағы құрылды.Бұл одақ бірінші рет жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлар туралы кітап шығарды. Ол кітап «Қызыл кітап» деп аталды. «Қызыл кітап»деген атауды ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынды.
«Қазақстанның Қызыл кітабы» алғаш рет 1978жылы шықты. Қызыл кітап ішінде қара беттерде бар ол беттерде жойылып кеткен құстар мен жануарлар жазылған. Ал жасыл беттерінде сақтап қалынғн жануарлар мен құстар тізімі бар. Сары түсте түрлері тез жойылып бара жатқан түрлері кіреді.Онда тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы қысқаша қазақша,ағылшынша деректер берілген. Соныменбірге әрбір тіркелген жануарлар суреті,Қазақстанның аумағында таралу картасы және ол туралы ақпарат көрсетілген.
Қазақстанда құстардың 18отрядқа жататын 489 түрі бар.Олардың 58-і «Қызыл кітапқа»тіркелген.Оларды адамдар көп аулайды. Сол себепті азайып барады.Қазір олар қорғауға алынған.
«Қазақстанның Қызыл кітабына» өсімдіктердің 307 түрі кірген. «Қызыл кітапқа» қазақ жеріндегі барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр және тағы басқа аңдар мен құстар да тіркелген.
(Ұ) «Сиқырлы сұрақтар» әдісі
Қызыл кітап деген не? Қауіп төнген жан-жануарларды тіркеу кітабы.
Алғашқы «Қызыл кітап» қай жылы шықты? (1948 жылы)
«Қазақстанның қызыл кітабы» қай жылы жазылды? (1978 жылы)
«Қазақстанның қызыл кітабында» қанша өсімдік тіркелген? (307 түрі)
«Қазақстанның қызыл кітабында» қанша құс тіркелген? (58 түрі )
«Қазақстанның қызыл кітабында» қандай жануарлар тіркелген? (барыс, аққу, тырна, бірқазан, қызыл түлкі т.б.)
Топпен кері байланыс орнату
-Тапсырманы орындай алдыңдар ма?
-Тапсырманы орындау оңай болды ма?
АКТ
Достарыңызбен бөлісу: |