Қысқа мерзім жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
3-бөлім: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.
Мектеп: «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ
«Гимназия» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Есенгельдина
Мария Кеулмжаевна
Күні:
Сынып: 5
Қатысқандар саны: 12
Қатыспағандар саны: -
Сабақтың тақырыбы:
«Қызыл кітап»
Білімділік
Тілдік коммуникация барысында оқушыларға «Қызыл кітап туралы мағлұмат беру».
Дамытушылық
Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушыларды жан-жануарларға қамқор болуға үйрету, қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Сілтеме
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығы, ғаламтордан қызыл кітап туралы бейнежазба.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.3.Шағын көлемді көркем әдеби шығармаларын түсіну, тақырыбын анықтау
3.1.7.Ресми стильдік тілдік ерекшеліктері мен талаптарын қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу
3.1.2.Мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, постер / сөйлем құрастыру
Жетістік критерийлері
Барлық оқушылар: қазақ тілінде «Қызыл кітап», оған енетін өсімдіктер мен жан-жануарларды атап бере алады, олармен таныстыра алады. Көркем әдеби шығарманы түсінеді. Тірек сөздерді табады.
Оқушылардың басым бөлігі: Қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер, жан-жануарларды сипаттайды. Көркем әдеби шығарманы түсінеді. Тірек сөздерді табады.Ресми стильдік ерекшеліктерді біледі.Мәтіннің тақырыбын анықтайды.
Кейбір оқушылар: тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, қосымша мәліметтер береді, жан-жануарлар әлемі жайлы сұхбат береді. Ресми стильдік тілдік ерекшеліктері мен талаптарды қолдана алады, соның негізінде хабарландыру, үндеу, хат жазады.
Бағалау критерийлері
Нақты деректерге мағлұмат беру, мәтін құрау.
Сөйлесімге түсуге әрекеттену қарапайым сөйлеу үлгілерін құрау.
Өз шамасына қарай тапсырмаларды орындау.
Ресми стильдің тілдік ерекшеліктерін білу.
Тақырыпқа сай хат жазу.
Хат жазудың талаптарын ұстану.
Күтілетін нәтиже
Қазақ тілінде «Қызыл кітап» туралы айтады, таныстырады. Қазақша қарапайым сөйлемдер арқылы кітапқа енген жан - жануарлар мен өсімдіктер туралы айтады. Хат ережелерін сақтап жаза алады.
Тілдік мақсаттар
Көптілділік
Ерте заман –давние времена - old Times
Қорғау- защищать-protect
Одақ – союз- union
Жануарлар – животные- animals
Құстар - птицы- birds
Өсімдіктер – растение- plant
Деректер – данные- data
Жойылып кету – вымирание- extinction
Сирек – редкий -rare
Тіркелген – зарегистрированный- registered
Қар барысы - снежный барс- Snow Leopard
Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрастыр.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Ерте заман,одақ, қорғау, деректер, жойылып кету, сирек, тіркелген.
Құндылықтарды
дарыту
Қызыл кітап туралы білімдерін жетілдіру. Табиғатты қорғауға деген қызығушылығын арттыру.
Бастапқы білім
Қызыл кітап туралы біледі.
Сабақтың типі
жаңа сабақ
Сабақтың түрі
дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі
«Өрмекші торы» әдісі арқылы өткен сабақты еске түсіру. Сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, оқушылардың жобаларын тыңдау, « Қайырлы күн » психологиялық тренингі, сергіту сәті «Ойна да күл» әні, «Сиқырлы сөздер», «Ойлан жұптас» диалог, «Шаттық шеңбері», «Сөздер сөйлейді», «Аққудың хаты».
АКТ қолдану дағдылары
Оқушылар интерактивті тақтамен және көру, тыңдалым дағдысын дамыта отырып жұмыс істей алады.
Сабақтың көрнекілік-тері
Интерактивті тақта, слайдтар,флипчарт, постер, қалыптастырушы бағалау, суреттер топтамасы, желім, қайшы, жан-жануарлар мен өсімдіктердің суреттері.
Пәнаралық байланыс-тар
Жаратылыстану, дене шынықтыру, музыка, бейнелеу өнері.
Алдыңғы оқу
Оқушылар тақырып бойынша жай сұрақтар құрастыра алады.
Үй жұмысы
Нәтиже сабақ «Мектеп өмірі, Әдепті бала-арлы бала»
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың басы
2 минут
3 минут
3 минут
Сабақта қалыптастырушы бағалау қолданылады.
Оқушылардың сабақ дайындығы тексеріледі. Сабақтың басталуына жағымды ететін көңіл-күй қалыптастыру. Мұғалім психологиялық ахуал жасайды. Көңіл-күйлерін смайликтер арқылы білдіреді.
Қызығушылықты ояту. «Қайырлы күн» психологиялық тренингі.
Қайырлы күн, көздерім! Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!
Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы күн, аяқтарым!Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы күн, мұғалім!
Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)
/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, жылы тілектер айтады/
Өткенді қайталау «Өрмекші торы» әдісі
1.Қожа қандай бала? Ақылды, сотқар, тәртіпті т.б.
2.Менің атым Қожа романының авторы кім? (Б.Соқпақбаев)
3.Қожаның досы? (Жантас, Сұлтан)
4 Жанар қандай қыз?
5. «Менің атым -Қожа» фильмінің басты кейіпкері кім? (Қожа)
6. Менің атым – Қожа фильмінің режиссері кім?(Ә. Қарсақбаев)
Оқушылар қызыл кітап туралы сабақ басындағы білімдерін бағалайды стикерлер арқылы. Білетіндері жасыл түс білмейтіндері қызыл түс алманы таңдап білім ағашына орналастырады.
Сынып оқушылары 3 топта жұмыс істейді. Топ аттары: «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Құстар». Таңдап алған суреттеріне байланысты 3 топқа бөлемін.
Оқушыларды негізгі сөздермен таныстырамын.
(ҰЖ) Жаңа сөздер
Ерте заман –давние времена - old Times
Қорғау- защищать-protect
Одақ – союз- union
Жануарлар – животные- animals
Құстар - птицы- birds
Өсімдіктер – растение- plant
Деректер – данные- data
Жойылып кету – вымирание- extinction
Сирек – редкий -rare
Тіркелген – зарегистрированный- registered
Қар барысы - снежный барс- Snow Leopard
Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрастыр.
Смайликтер:
өте жақсы
жақсы
нашар
Психологиялық тренингі.
Достарыңызбен бөлісу: |