Жаңа сабақ:Сабақтың мақсаты хабарланады.
Оқулықпен жұмыс:Мәтінді түсініп оқып, жұпта,топта әңгімелеу; мәтін мазмұны бойынша сурет салу;жуан-жіңішке сұрақтар.
Сөздік жұмыс: Қаулы –жиналыстың шешімі.
Кеңейтілген тапсырма:
А).Автордың өмірбаянын топтастыр.
В).Монолог деген не?
С. «Қожаны қорғау» сөзіңді жаз.
Әзірге кедергісі бар балаларға: Мәтінді түсініп оқу, мәтін мазмұнына сурет салу..
Белсенді тақтадан «Менің атым Қожа» кинофильмінен үзінді көру.
Топтық жұмыс:
1-топ: «Топтастыру» (Автордың өмірбаянын топтастыру).
2-топ: « Монолог» пен «Диалог» (Венн диаграммасы).
3-топ: «Бес жолды өлең»
(тарсырмалар беріледі).
Әр топ постер қорғағаннан кейін ынталандыру мақсатында қолдау көрсету, «Қолпаштау» , «Смайлик» арқылы бірін-бірі бағалау.
|
Мәтінді кезекпен мәнерлеп оқиды.
Жұппен және топта мазмұнын әңгімелейді.
Сұрақтар беріп,сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сөздерді оқып, мағынасымен танысадаы.
Оқушылар А.В.С. деңгейдегі кеңейтілген тапсырмаларды орындайды.
Әзірге кедергісі бар балалар мәтінді түсініп оқып, мәтін мазмұнына сурет салады.
«Менің атым Қожа» кинофильмінен үзінді көріп, «серт беремін», «тырысамын» т.б. кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс- әрекетін анықтайды.
Ресурстарды оқып, танысады. Бір-бірімен мәлімет алысады, жазады, топтастырады, диаграммалайды, өлең жазады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы топта талдайды,постер дайындап, оны қорғайды.
Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету,«Қолпаштау» , «Смайлик» арқылы бірін-бірі бағалайды.
|