Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау. Саралаудың бұл түрі «Тест-сұхбат» әдісінде көрініс табады, себебі бұл әдісте жауап жазуға берілген сұрақтар оңай деп айтуға келмейді. Тапсырманы орындау барысында әр оқушы дербестігі мен жауапкершілігіне сай өмірмен байланыстыра дәлелдер келтіре отырып орындауы тиіс.
|
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары сабақтың оқу мақсатына және бағалау критериіне сай жасалған. Дескриптор әр тапсырманы орындаудың міндетті қадамдары болып табылады. Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Сабақ барысында тапсырманы топпен, жұппен немесе жеке орындағанына қарай қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Атап айтқанда, «Автор-оқырман» әдісінен кейін ең үздік 3 сұраққа «Жұлдызды сұрақ » смайлигі берілді. Мұндай бағалау оқушыларды келесі сабақтарда сұрақ қою кезіндегі жауапкершіліктерін арттырады. Үздік сұрақты анықтауға мұғалім де, оқушылар да атсалысады. «Концептуалды кесте» тапсырмасының артынан «Көршіңді мадақта» өзара бағалауы жүргізіледі, себебі жұптағылар бір-бірінің қалай жұмыс атқарғанына баға береді, мақтауға тырысады. Бағалаудың бұл түрі оқушыны келесі сабақтарда жұпта жақсы жұмыс жасауға ынталандырады. «Төрт бұрыш» әдісінен кейін «Екі жұлдыз, бір тілек» айтылады. Бағалау өзара жүргізіледі.
«Тест-сұхбат» әдісінен кейін «Алақан, үш саусақ, жұдырық» тәсілі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. «Автор орындығына» шығып, жұмысын оқыған оқушының жауабы қаншалықты дәлелді болғандығы бағаланады.Сабақ бойынша кері байланыс «Миыңның суретін сал» әдісі бойынша алынады.
|