2.2. Қайталау: «Жұптас.Ойлан.Орында»
Мақсаты: Оқушылардың түзуге және нүктеге қарағанда симметриялы фигураларды салу туралы білімдерін пысықтау
Жұмыс түрі:жұптық жұмыс
Мұғалімнің қызметі: Тапсырманы орындау нұсқаулығын дұрыс беру. Қалтада берілген тапсырмалар бір мезгілде жұпқа беріледі.
Оқушының қызметі: Әр жұп өз қалаулары бойынша бес тапсырмадан жинақталған қалташаны таңдайды. Оқушылар партадағы постерлерге маркерлер арқылы жауапты жазады. Басқа оқушылар ұсынылған дескриптор арқылы тапсырманың дұрыс орындалғандығын қадағалайды. Әр жұптың мүшесі өз тапсырмасының бағалау нәтижесін бағалау парағына тіркеп отырады.
Құралдары: постер, маркерлер,қалташа
Бағалау: жұптар бірін-бірі бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |