ІІІ. Мәселе қою: 3.1.Практикалық тапсырма
Жұмыс түрі: жеке жұмыс
Орындалуы:
- Оқушы партасының шетіне қойылған парақты алыңыз.
- Парақты қақ ортасынан бүктеңіз.
- Парақтың бүктеуін ашыңыз және пайда болған бүктеу сызығына сызғышты қойыңыз.
- Осы сызықты түсті қарандашпен немесе фломастермен бастырыңыз.
Зерттеу сұрақтары:
1.Ұсынылған парақ қандай геометриялық фигура?
2.Бүктеу сызығы қандай геометриялық фигура болып табылады?
3.Бұл сызық қандай функция атқарады?
Қорытынды:
Тапсырмаға байланысты оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.
Бүктеу сызығы фигураны бірі - бірінің бейнесі болатындай екі бөлікке бөледі. Бұл сызықты «Симметрия осі» деп атаймыз.
Мұғалімнің қызметі: Оқушыларға зерттеу жұмысының орындалу ретін және нұсқаулығын дұрыс беру. Орындалған жұмыс бойынша оқушылардың қажетті тұжырым жасай алу қабілеттерін шыңдау.
Оқушының қызметі: ұсынылған тапсырманы мүлтіксіз орындау.
Сонымен бүгінгі сабағымызда біздер әртүрлі фигуралардың симметрия осьтерін салуды, симметрия центрін анықтауды қарастырамыз.
|