Жалпы білім беретін Оян орта білім беретін мектебі
Муханбетжанова Нагима Орынгалиевна
І санатты, математика пәнінің мұғалімі
Математика-6. 12.03.15 ж.
Сабақтың тақырыбы: Центрлік симметрия
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды центрлік симметрия ұғымымен таныстыру.
Геометриялық фигуралардың симметрия центрін табу дағдыларын жетілдіру.Нүктеге қатысты симметриялы фигураларды салуды үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, ол үшін математиканың жаратылыстану пәндерімен,табиғат құбылыстарымен байланысы,симметрияны сұлулық пен әсемдікке деген қатысы туралы түсінік беру,сөйтіп олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, әдемілікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі:
интерактивті тақта;
Сызғыш,циркуль,бұрыштық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалім: Өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтарына жауап берейік.
Қайталау сұрақтары: « Ой , қозғау стратегиясы »
1. Симметриялы фигуралар дегеніміз не?
2. Остік симметриялы фигура дегеніміз не?
3.Симметрия осьі дегеніміз не?.
4. Бұрыштар , тік төртбұрыш, квадрат,шеңбер - осьтік симметриялы фигура.
5. Декарт координат жүйесіндегі координаталар қалай аталады?
Мұғалім: Өтілген тақырып бойынша ойымызды жинақтадық. Енді бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз: « Центрлік симметрия » деп аталады.
Мағынаны тану. « Мағынаны тану стратегиясы » Центрлік симметрия
Жаңа сабақтың мақсаты: Ғылым мен өндірістің дамуы үшін, табиғаттағы құбылыстардың эстетикалық талғамда болатындығын анықтап білу үшін симметрия ұғымын оқып білу керек.
Табиғатта болатын барлық құбылыстарды: денелердің қозғалысын ұшақтар мен ракеталардың аспанда самғауын, кемелердің су бетінде, су астында жүзуін, электр жарықтарының пайда болу себептерін, өсімдіктер мен жануарлардың өсіп жетілуін, жаңа заттардың пайда болу жолдарын математикалық өрнек арқылы жазып көрсетуге болады.
Ал біздің бүгінгі өткелі отырған симметрия тақырыбы сол әсемдік пен сұлулықты, жұптылықты, өмірге қажеттілікті, эстетикалық талғамды, қызығушылықты көрсететін тақырып.Осы тақырыпты өту барысында мынадай мәселелерді қарастырамыз:
I. Симметрия туралы түсінік беру.
ІІ. Центрлік симметрия туралы түсінік беру.
«Симметрия» грек сөзінен алынған, ол «гармония» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті,белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.Симметрия әр түрлі болады. Симметрияның ең қарапайым түрі-түзуге , нүктеге қатысты симметрия,
О нүктесіне қатысты АВ кесіндісіне симметриялы кесіндіні салуды үйренейік.
О нүктесіне қатысты А нүктесіне симметриялы А нүктесін және В нүктесіне
симметриялы В нүктесін салу керек.
2) Ажәне Внүктелерін қоссақ, АВкесіндісі салынады. АВ және АВ есінділері О нүктесіне қатысты симметриялы.АВкесіндісіндегі қандай да бір хнүктесі О нүктесіне қатысты АВ кесіндісіндегі х нүктесіне симметриялы.
5.О нүктесіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы АВС үшбұрышын салуды үйренейік.
Ол үшін ұшбұрыштың төбелерінің ұштарынан берілген түзуге перпендикуляр түзулер жүргіземіз. Төбе ұшы мен түзуге дейінгі арақашықтықты түзудің созындысында өлшеп саламыз. Сонда төбе ұштарына симметриялы нүктелер шығады. АВС үшбұрышына симметриялы АВС үшбұрышын аламыз.
сс
Егер О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса,
ол фигура центрлік симметриялы фигуралар деп аталады.
О нүктесі фигураның симметрия центрі деп аталады.
6. Шеңбер - центрлік симметриялы фигура.
Шеңбердің симметрия центрі –шеңбердің центрі болатын О нүктесі.
7.Кесінді –центрлік симметриялы фигура
А О В АО ═ ОВ, О нүктесі симметрия центрі.
8.Тіктөртбұрыш - центрлік симметриялы фигура.
( Диогональ-тік төртбұрыштың қарама – қарсы төбелерін қосатын кесінді диогональ деп аталады.АС және ВС –диогональдар.) О-нүктесі –АВСД тік тік төртбұрышының симметрия центрі. АО═ ОС; ВО═ОД.
Коордиаталар басы О нүктесіне қатысты центрлік симметриялы нүктелерді қарастырайық. О нүктесіне қатысты А(3;5) нүктесі В(-3;-5) нүктесіне,
С( -5:7 )Д( 5; -7 ) симметриялы.
А Д
О
В С
9.Координаталық жазықтықтағы координаталар басы О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелердің коодинаталары қарама-қарсы сандар болады.
Центрлік симметрия қазақтың ұлттық ою-өрнектерде де кесдеседі. Мысалы оның түрлері мен аттары: қошқармүйіз, қосмүйіз, гүл ою, т.б.
Жұлдыз өрнегі – аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды.
Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.
Қошқармүйіз – қошқардың екі шекесіне иіріліп кеткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т. б. киіз бұйымдарында кездеседі.
Жалауша – атына сай жалауға ұқсас немесе баспа “Г” әрпі тәріздес өрнек. Кестеде жиі кездестіруге болады.
Презентация ( интерактивті тақтадан оқушылар ұлттық ою-өрнек түрімен танысады)
6.Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары.
Берілген суреттерде симметрия центрін жүргізуге бола ма? Қанша симметрия осін жүргізуге болады?
Оқушылар берілген фигуралардың симметрия центрін сызып көрсетеді.
1 / Міндетті тапсырма: 1)№1194,1196(А)
Достарыңызбен бөлісу: |