Бөлім:
|
4(С)-БӨЛІМ. ҮШБҰРЫШ. СИММЕТРИЯ Ортақ тақырып: «Болашаққа саяхат»
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Симметриялы фигуралар. Пысықтау / Болашақтың мектебі
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
4.3.1.5 жазық фигураларды осіне қатысты симметриялы болатын фигуралармен нүктелі қағазда толықтыру, бұрыштың шамасын табу;
4.3.2.1 нүктелі қағазда перпендикуляр түзулер, симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды сызу;
|
Сабақтың мақсаты
|
Жазық фигураларды осіне қатысты симметриялы болатын фигуралармен нүктелі қағазда толықтыра алады.
Жазық фигураларды осіне қатысты симметриялы болатын фигуралармен нүктелі қағазда толықтырып, бұрыштың шамасын таба алады.
Нүктелі қағазда перпендикуляр түзулер, симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды сыза алады.
|
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
«Зейінін шоғырландыру»
Математика – қызық пән,
Бәріміз оны білеміз.
Қызықты есеп шығарып,
Тез жауабын береміз.
Оқушыларға болашақтың мектебі туралы видеоролик көрсету
Өзектендіру. №1
Болашақтың мектебінде оқу қызықты. Ол мектепте не болуы қажет екендігі туралы сыныптастарыңның арасында сауалнама жүргіз. Алынған мәліметтер бойынша диаграмма немесе кесте құр
Мақсат қою (мәселелі жағдаят №2
біз сіздерде қандай қиындық туындағанын білетін боламыз, қатемен жұмыс жасаймыз
|
Оқушылар сабақ тақырыбымен, мақсатымен танысады.
|
ҚБ: 1-10 балдық жүйе
ҚБ: 1-10 балдық жүйе
|
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
|
Сабақтың ортасы
|
Өзіндік жұмыс №2 Торкөз бойынша симметриялы пішіндер сыз.
.
№7 а) Сөздерді оқып көр. Кейбір әріптердің симметрия осі бар.
Шығармашылық жұмыс №7 ә)
Тағы қандай әріптердің симметрия осьтері бар? Сыныптастарыңа арнап, 7 а) тапсырмаға ұқсас тапсырма құрастыр
Өткенмен жұмыс №3 Өзіндік жұмыс
Тік бұрышқа іргелес жатқан қабырғаларының ұзындығы 6 см және 4 см болатын тікбұрышты үшбұрыш сыз. Атауын жаз. Қалған бұрыштарын өлшеп, олардың градустық өлшемдерін жаз.
Оқушылар дәптерлеріне тік бұрышқа іргелес жатқан қабырғаларының ұзындығы 6 см және 4 см болатын тікбұрышты үшбұрыш сызады. Төбелерін әріптермен белгілейді. Тік бұрышынан басқа екі бұрышын өлшеп, олардың градустық өлшемдерін жазады
№4
Фигуралардың аудандарын есепте
|
Дескриптор:Мен:
симметриялы болатын фигураларды анықтай аламын;
-жазық фигураларды осіне қатысты симметриялы болатын фигуралармен нүктелі қағазда толықтыруды білемін
Дескриптор:құрамындағы фигуралардың аудандарының қосындысына тең деген ережені пайдалана алады
|
ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
|
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
|
Соңы
|
№5
а) Жаңа мектепті жабдықтау үшін шебер 3 сағатта 72 оқушы орнын дайындай алады, ал оның шәкіртіне 2 есе көп уақыт қажет. Екеуі бірге 144 оқушы орнын қанша сағатта жабдықтайды?
Шешуі:
ә) Екі қаланың арақашықтығы – 750 км. Оқушыларға арналған туристік автобус бұл арақашықтықты 15 сағатта, ал автотурист 10 сағатта жүріп өтеді. Егер екеуі екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы жолға шығатын болса, қанша сағаттан кейін кездеседі?
Шешуі:
№6
Егер Арман өрнекті амалдардың орындалу реті бойынша жазған болса, онда оның қандай өрнекті есептегенін тап.
Шешуі:
Сен зерттеушісің№8
Бұл жерде симметрия осі айна тәрізді диагональ бойынша орналасқан. Фигуралардың «айнадан» қалай көрінетінін бейнеле.
Симметриялы фигура салу қажет. Тексеру үшін кішкентай айна әкеледі
|
Дескриптор:Фигураларды ажыратады ,оларды салады
|
ҚБ: 1-10 балдық жүйе
ҚБ: 1-10 балдық жүйе
ҚБ: 1-10 балдық жүйе
|
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
|
Кері байланыс
|
«Бағдаршам» әдісі
Үй жұмысы: №9
|
|
|
|