Қысқа мерзімді жоспарлау, орта мерзімді жоспарлаудың негізінде, күнтізбе және пәндік бағдарлама бойынша
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мұғалімнің аты жөні: Ходжаназарова Қ.Н. Жұмыс орны: №59 мектеп-гимназия
Мерзімі:_______
-------------
Сабақтың реті:50
Пәні: Биология
Сынып: « »
Тарау:
X бөлім.Зат алмасу және энергия айналымы ( 3 сағат)
Сабақ тақырыбы:
Дәрумендер және олардың маңызы.Тағам құрамындағы витаминдерді сақтау.
Сабақтың мақсаты:
(SMART, орта мерзімді жоспардан алынады)
Витаминдер және олардың маңызы, ағзадағы биологиялық рөлі және витаминдер жетіспеуінен болатын аурулар, олардың алдын алу. Тағам құрамындағы витаминдерді сақтау әдістерін білу.
Күтілетін нәтиже:
( орта мерзімді жоспардан алынады)
Витаминдер және олардың маңызын биологиялық рөлін түсінеді.Витаминдер жетіспегенде туындайтын аурулардың түрлерін біледі және олардың алдын алу керек екенін түсінеді.Тақырыптың мазмұнын саналы түсінуге,топтық жұмыс барысында өз ойларын дұрыс жеткізуге,дүние танымын кеңейтуге үйренеді. Талқылау барысында өзінің түсінбегенін басқа топ мүшелерінен түсінеді.Алған білімдерін қолдана отырып талдай алады және қорытындылауды
Табыс критерийлері
Витаминдердің ашылу тарихын білу
Витаминдердің маңызын білу
Витаминдердің жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды білу және олардың алдын алу керек екенін түсіну
Негізгі түйіндер
Авитаминоз – витаминдердің адам ағзасына жетіспеуінен болатын ауру.Витаминдер және олардың маңызы Витаминдер денсаулықтың нығаюына әсер етеді.Организм суық тиюден болатын және жұқпалы аурулардан қарсы тұруын жоғарылатады,жұмысқа қабілеттілікті арттырады.1911 жылы поляк ғалымы К.Функ тазартылған күрішпен қоректенген көгершіндерді сал ауруынан емдеген затты күріш кебегінен алды.Ол бұл затты витамин (лат.vita-тіршілік)деп атады.
Алғашында витаминдерді тану барысында белгілі бір витамин организмде жетіспеген жағдайда пайда болатын аурудың атымен аталып, қай аурудан сақтаса, соның алдына «анти» қосымшасы тіркелген. Мысалы: рахит – антирахиттік, скорбут – антискорбуттық, дерматит — антидерматиттік, т.б.
1913 ж. Мак-Коллумның ұсынысымен витаминдерді латын алфавитінің үлкен әріптерімен белгілей бастады А, В, С, Д, т.б.
Витаминологияның даму барысында әріптік белгілер кеңейтіліп, сандық белгілер қосылады: В1, В2, В3, т.б. Кейіннен витаминдердің химиялық құрылымының анықталуына байланысты химиялық атаулар енгізіледі: тиамин, цианкобаламин, т.б. Химиялық аталым 1956 жылдан бастап халықаралық болып есептеледі.
Қазіргі кезде осы атаулардың үш түрі де қолданылады
Витамин топтары, түрлері.
суда еритіндер: С, РР, В, В1, В2, В6, В12
майда еритіндер: А, Д, К, Е