Сабақтың тақырыбы: Жиынтық бағалау түрлері. Білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейлері. Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау түрі
Жиынтық бағалау Жиынтық бағалау
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау
Жиынтық бағалау үдерісі
Білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерінің сипаттамасы
Деңгейлер
Сипаттамасы
Төмен деңгей
пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша қарапайым білімін және түсінігін көрсетеді
жай тапсырмаларды орындайды және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі
ақпаратты ұсынудың әр түрлі формаларының (кестелер, графиктер және диаграммалар) негізінде жай қорытынды қалыптастырады
жай тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады
Орташа деңгей
пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша жеткілікті білімін және түсінігін көрсетеді
әдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады
ақпаратты жалпылайды және ішінара негіздей отырып қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты аргументтерді келтіре алады
әдеттегі тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің стандартты жолдарын ұсынады және қолданады
тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді
Жоғары деңгей
пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша терең білімін және түсінігін көрсетеді
қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады
әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жалпылайды және толық негіздей отырып қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтерді келтіре алады
қиын тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің альтернативті және стандартты емес жолдарын ұсынады және қолданады
тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді, әр түрлі стратегияларды қолданады, алынған нәтижелердің маңыздылығын және негізділігін бағалайды
Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейлері Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша кері байланыс құралы - РУБРИКА Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес оқу жетістігінің деңгейлерін көрсету құралы
Рубрикада мұғалім әрбір оқушы үшін әрбір критерий бойынша оның қол жеткізген оқу жетістігінің деңгейін белгілеп көрсетеді