Қысқа мерзімді сабақ жоспары Мұғалімнің аты-жөні



Дата08.02.2022
өлшемі25,62 Kb.
#122355
түріСабақ
Байланысты:
Бекбаева М.К. География 10 А сынып ҚМЖ


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мұғалімнің аты-жөні:

Бекбаева М.К.

Пән/Сынып:

География, 8 «А» сынып

Күні

07.10.2021. жыл

Тарау немесе бөлім атауы:

Литосфера бөлімі

Сабақтың тақырыбы:

Материктер мен мұхиттардың ірі орографиялық нысандары.

Оқу мақсаты:

8.3.1.4 -материктер мен мұхиттарда орналасқан ұқсас орографиялық бірліктерді салыстыру.

Бағалау критерийі:

Орографиялық бірліктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Бағалау

Ресурстар

0-1 минут

Ұйымдастыру

Тақырып: Материктер мен мұхиттардың ірі орографиялық объектілері
Мақсат: 8.3.1.4 -материктер мен мұхиттарда орналасқан ұқсас орографиялық бірліктерді салыстырады
Бүгінгі сабақта:

  • Орография, морфометрия сөздерінің мағынасын анықтайсыздар.

  • Құрлық және мұхит түбінің ірі орографиялық бірліктерімен танысасыздар.

  • Кез –келген бір орографиялық бірлікті жоспар бойынша сипаттайсыздар.

Не меңгеретінін білу үшін




Презентация № 2
Презентация № 3

2-9 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты алдыңғы сабақтағы біліммен байланыстыра отырып, жаңа білімді игерту және қолдану
Ой қозғау:
1. Орография дегеніміз қандай ұғым?
2. Географиялық нысанның орографиялық сипаттамасы?
3. Жер бедерінің түрімен орографиялық бірлік арасындағы айырмашылықтар қандай?
Орография дегініміз не?
Жер бедерінің түрлерін сыртқы белгілері мен өзара орналасуы бойынша сипаттама жасау –орография деп аталады. Ал, сол жер бедері түрлеріне берілген сандық сипаттама марфометрия деп аталады. Морфометриялық сипаттамада нысанның өлшемдері ұзындығы, ауданы, биіктігі, тереңдігі, координатасы, шеткі нүктелері градус есебімен алғандағы т.б сипаттаулар келтіріледі.
Осы сұрақтардан кейін Оңтүстік Американың орографиялық бірліктері келтірілген кесте.

Жаңа тақырыпты меңгеру




Презентация № 3,4

Презентация №4


Презентация № 7,8,9



9-18 минут

Тәжірибе

1,2 тапсырма орындау (тілдік мақсат орындалу керек)
1- тапсырма: Оқулықтың 80- бетіндегі 30 – суреттегі мәтінмен танысыңыз. Осы мәтінде Сарыарқаның орографиялық сипаттамасында қандай сандық және сапалық сипаттамалар берілгенін анықтаңыз.


2- тапсырма: Каспий маңы ойпатының орографиялық бірлігін жоспар бойынша сипаттау.

  • Орографиялық бірліктің географиялық орны

  • Жер бедері қандай тектоникалық құрылымда орналасқан?

  • Ең төмен жері және ең биік жері

  • Жер бедерінің сипаты (тегіс, төбелі)

  • Жер бедері қалай қалыптасқан (таулардың бұзылуы, теңіздің тартылуы, шөгінділердің жинақталауы) ?

  • Аумақтың жер бедерінің адам шаруашылығында қандай маңызы бар?

  • Аумақта кездесетін басты пайдалы қазбалар.







Бағалау критерийлерін ұсыну.
Сарыарқаның географиялық орнын анықтайды
Ені мен ұзындығын анықтайды
Ұсақтауларының басты ерекшеліктерін ажыратып, шоқыға кіретін тауларды табу
Таулардың биіктігін анықтап, баға беру
Сарыарқаның пайдалы қазбаларын анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну



  • Білім алушы:

Географиялық орнын анықтайды
Жер бедерінің тектоникалық құрылымына баға береді
Жер бедерін сипаттайды
Қалыптасу жолын анықтайды
Жер бедерінің адам шаруашылығындағы рөліне баға береді
Аумақта кездесетін пайдалы қазбаларды анықтайды

Презентация № 5,6

Презентация № 10,11





18-20 минут

Бекіту

Жеке тапсырма ұсыну.
Оқушылар бүгінгі алған білімдеріңізді төмендегі кестеге толтыру арқылы, өз ойларыңызды қорытындылып жазуларыңызға болады.



Не үйрендім?

Не қиын болды?

Түсінбеген сұрақтар
















Бағалау критерийлерін ұсыну:

  • Мәтінді оқып шығуы

  • Таңдауы

  • Кесте бойынша талдауы

Презентация № 12


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет