Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Каирбекова А.А
|
Пән/Сынып:
|
қазақ тілі, 6-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
IIІ тоқсан 1-апта 3- сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Су – тіршілік көзі
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Су – тіршілік көзі. Сілтеу есімдігі
|
Оқу мақсаттары:
|
6.2.1.1. Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
6.3.3.1. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графикалық мәтін
(диаграмма, кесте, сызба) түрін құрастыру.
|
Сабақ мақсаты:
|
Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтау;
Деректер жинақтай отырып, графикалық мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрін құрастыру
|
Бағалау критериі:
|
Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтайды;
Графикалық мәтіннен (диаграмма, сызба, кесте) түрін құрастырады.
Сілтеу есімдігін пайдалана отырып, мәтін құрайды.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Сабақтың мазмұны
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Ресурстар
|
2 минут
|
Ұйымдастыру
Ой шақыру
|
Сәлеметсіңдер ме?
6-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: Су – тіршілік көзі
Судың нақты пішіні бола ма?
Судың түсі қандай?
Судың дәмі мен исі қандай?
Суда еритін және ерімейтін заттар бар ма?
Жауабы
Судың нақты пішіні болмайды.
Судың түсі мөлдір
Судың дәмі мен исі жоқ
Суда еритін және ерімейтін заттар бар. Мысалы: қант, тұз – суда ериді; құм – суда ерімейді
|
|
Видео-аудио суреттер, кесте, презентация, электронды құралдар, т.б.
|
5- 6
минут
|
Жаңа сабақ
|
Есімдіктің түрі
|
Сілтеу есімдігі
|
Сұрау
|
Ережесі
|
Мегзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді.
|
Жауап алу, мақсаты мен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар.
|
Жасалу жолдары
|
Бұл, сол, ол, әне, міне, мынау, мына, осы, осынау, ана, анау, сонау т.б
|
Кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашаңғы?
|
Мысалдар
|
Осы маңайда мал жайылымы бар. Бұл жарыста біз жеңеміз. Мына көк қақпа – Құрмаштың үйі.
|
Осы маңда мал жайылатын жер бар ма?
Бұл жарысты кім жеңеді?
Құрмаштың үйі қайсы?
|
Судың табиғаттағы маңызы және судың адам өміріндегі маңызы
Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі - су. Су - адам өміріндегі оттектен кейін екінші орын алатын маңызды қосылыс. Адам денесінің 65-70% су кұрайды. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады екен. Атап айтқанда, қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Ал егер денеде 20% су жетіспеушілігі байқалса, онда ол адамның өліп кетуі әбден мүмкін. Сусыз, адам сияқты, ешбір өсімдік өмір сүре алмайды, оған әрдайым құнарлық қажет.
|
|
|
3 минут
|
Тапсырмалар
|
1-тапсырма
Судың адам үшін және табиғат үшін қандай маңызы бар?
Сызба кесте арқылы түсіндіріп беріңіздер.
Судың табиғаттағы маңызы
|
Судың адам өміріндегі маңызы
|
|
|
Өзіңді тексер
Судың табиғаттағы маңызы
|
Судың адам өміріндегі маңызы
|
1.Қатынас жол үшін қажет(қайық, кеме)
2. Судың күшімен электр
2.Өсімдіктерге 75-90%
3.Жануарларға 60-98%
4. Су үнемі теңіз , ауа, құрлық арасында жүзеге асады
5.Табиғаттағы су үш күде болады: сұйық, қатты, газ
6.Өзен, көл – табиғат көркі
Жер бетіндегі тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болады.
|
1.Адам өмір сүре алмайды
2.Ас әзірлейміз, ішеміз
3. Шомыламыз
4.Адам организміне 65-75%
5.Су арқылы үйді жылытамыз
|
Дескрипторы:
-Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңыздылығын жазады.
2-тапсырма
Сурет бойынша сілтеу есімдіктерін қолдана отырып шағын мәтін құраңыздар.
Дескрипторы:
Өзіңді тексер
Табиғатты аялайық
Асқар мен Айша екеуі бір үйдің балалары. Ата-анасы жұмысқа ерте кетеді. Таңғы астарын ішкеннен кейін, үйдің маңайындағы талдар мен гүлдерге су құйып баптау үшін далаға шықты.
-Асқар, сен анау тұрған талдарға су құйып біткеннен кейін, мынау кішкентай шыбықтарға да құя сал. Ал мен мына тұрған гүлдерге су құйып, қопсытып алайын, - деді Айша.Екеуі кешке дейін үйдің маңайындағы талдарға, гүлдерге су құйып, маңайды тазалап, ата-аналарын қарсы алды.
3 тапсырма
Графикалық диктант
Төменде берілген сөздерді көп нүктенің орнына қойып жазыңдар.
1.Су табиғатта бір мезгілде ... түрлі күйінде кездеседі.
2. Жер астынан шығатын және жаңа қасиетке ие болған суды... ... .
3. Тұщы судың бір көзі - ... .
4. Өзеннің басталар жерін ... деп атаймыз.
5. Ең үлкен көл ...
6. ... көлі – ең терең көл.
Керекті сөздер: Каспий, өзен, минералды су, Байкал, бастау, үш
Дескрипторы:
-көп нүктенің орнына керекті сөздерді қояды;
-графикалық диктант жазады
Өзіңді тексер
1.Су табиғатта бір мезгілде үш түрлі күйінде кездеседі.
2. Жер астынан шығатын және жаңа қасиетке ие болған суды минералды су
3. Тұщы судың бір көзі - өзен .
4. Өзеннің басталар жерін бастау деп атаймыз.
5. Ең үлкен көл Каспий
6.Байкал көлі – ең терең көл
4 тапсырма
Берілген мәтіннен графикалық сызба жасаңыздар
Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі - су. Су - адам өміріндегі оттектен кейін екінші орын алатын маңызды қосылыс. Адам денесінің 65-70% су кұрайды. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады екен. Атап айтқанда, қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Ал егер денеде 20% су жетіспеушілігі байқалса, онда ол адамның өліп кетуі әбден мүмкін. Сусыз, адам сияқты, ешбір өсімдік өмір сүре алмайды, оған әрдайым құнарлық қажет.
Дескрипторлар:
Мәтінді оқиды;
Графикалық сызба жасайды
Өзіңді тексер
|
|
|
2 минут
|
|
Кері байланыс
Не білемін?
|
Не үйрендім?
|
Не білгім келеді?
|
|
|
|
|
|
|
1 минут
|
Қосымша тапсырма
|
«Тіршілік» сөзін қалай түсінесіздер? Тіршіліктің пайда болуында судың рөлі қандай? Қосымша деректерді пайдалана отырып, дәлелдемелік эссе жазыңыздар.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |