Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Дата07.02.2022
өлшемі364,77 Kb.
#82487
түріСабақ
Байланысты:
Қазақстан тарихы 5 класс Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды ҚМЖ


Қысқа мерзімді сабақ жоспары











Пән: Қазақстан тарихы

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс: 5

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

5.3A Сақтар
(12 сағат)



Сабақтың тақырыбы

Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды?

Бастапқы білім

Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуіріндегі рулар, тайпалардың пайда болуы, археологиялық ескерткіштері, дүниетанымы, шаруашылығы,тарихи кезеңнің зерттелуі туралы біледі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.1 – сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау

Бағалау критерийлері

  • Сақ тайпалары мен Александр Македонский әскері арасындағы шайқасты талдайды;

  • Македонскийдің Орта Азияға жорығын сипаттайды.

Дескриптор

  • Сақ тайпаларына жасаған жорығының неліктен сәтсіз аяқталғанын түсіндіреді;

  • Тарихи дереккөздерге сүйене отырып, Александр Македонскийдің жаулап алу саясатына баға береді.

Тілдік мақсаттар



1. Грек, парсы, рим жазба деректерімен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).
2. Шығармашылық жұмыстарын қорғайды, сақтардың ерлігін, әскери жетістіктерін, өнер туындыларын сипаттайды (тыңдалым және айтылым дағдысы).
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері
Помпей Трогтың, Геродоттың, Ктесийдің жазбалары сақтардың көрші елдермен қарым-қатынасы туралы келесі ақпараттарды береді:...
Сақ тайпаларының әскери артықшылығы...

Құндылықтарды
дарыту

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының маңыздылығын көрсету.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

Дүние жүзі тарихы

Зерттеу және талдау. Геродот деректерімен жұмыс.



Дифференциация

- тапсырма таңдау барысында: жеке оқушыға, топқа арналған әр түрлі деңгейлі тапсырмалар дайындау;
- оқушының жеке күтілетін нәтижесін белгілеу;
- оқушыға жеке көмек көрсету;
- оқу материалдары мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып таңдау.



Сабақ түрі

Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ –жауап, кестемен жұмыс, ой жинақтау

Сабақ типі

Жаңа оқу материалын игерту

Сабақтың әдісі: 

Аралас сабақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Қызығушылықты ояту кезеңі
Сабақтың басы


5 мин

Б. Оқушылардың алдыңғы білімін қайталап, жаңа біліммен байланыстыру үшін «Ассоциация» әдісі қолданылады. «Сақ», «Александр Македонский», «соғыс», «стратегия» және т.б. түсініктер мен сөздер арқылы өткен мен жаңа сабақтың арасындағы байланыс орнатылады.
Оқушыларды мұғалім сабақ тақырыбына шығарады.

Слайд 1

Сабақтың ортасы
10 мин

10 мин


15 мин

Б. Өз білімдерін толықтыру үшін «ББҮ» кестесінің алғашқы екі бағанасын толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім












М. Оқушыларға тақтадағы слайд арқылы Александр Македонскийдің сақтарға қарсы жасаған жорығы туралы мағлұмат береді.
Миға шабуыл: Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойылады:
1. Неліктен А.Македонский сақтарға қарсы шықты
2. Көздеген мақсаты не?
3. Сақтар грек басқыншыларына қалай жауап берді?
4. Екі арадағы соғыс қай жерде болды?
5. Соғыстың масштабы қаншалықты болды?
6. Соғыс барысы қалай жүрді?
Оқушылар жоғарыда аталған сұрақтарға болжам түрінде жауап береді.
Т.Оқушыларды алдын-ала дайындалған сурет-фигура бойынша немесе реттік сан бойынша топтарға бөлінеді.
1 топ: Сақ жауынгерлері мен Спитамен
2 топ: Гректер және А.Македонский
Т. Оқушыларды жоғарыда аталған қызықты сұрақтарға жауап беру үшін мұғалім оларды «РАФТ» әдісін қолдану арқылы топтарға бөледі.
Бұл жерде
Р – роль (сақтар, Спитамен,гректер және Македонский)
А – аудитория (кабинетте)
Ф – импровизациялық көрініс түрінде
Т – А.Македонскийдің сақтарға қарсы жорығы

Т. Оқушылар жоғарыда аталған тақырып бойынша қойылымды бағалау критерийін мұғаліммен бірге белгілейді. Бағалау критерийлері төменде көрсетілген критерийлердің айналасында болуы қажет.



  • Сақ тайпалары мен Александр Македонский әскері арасындағы шайқасты талдайды;

  • Македонскийдің Орта Азияға жорығын сипаттайды.

Т. Оқушыларға алдын-ала дайындалған мәтін беріледі. Мәтінмен танысып, оқушылар импровизациялық көрініс (РАФТ әдісі бойынша) дайындайды.
Б. Импровизациялық көріністі топтар көрсетеді. Көріністің мазмұны екі арада болған шайқасты, екі ел қолбасшыларының диалогы, жеңілу картинасын көрсету қажет.

М. Оқушылардың көрсеткен көрінісін бағалау критерийіне сәйкес қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар.






Сабақтың соңы
5 мин



Б. Оқушылар алған білімдері бойынша сабақ басында толтырған «ББҮ» кестесінің 3 бағанасын толтырады.



http://ehistory.kz/kz/contents/view/258

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?
Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар
болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:





Key:
Б = барлық сынып жұмысы
Т = топтық жұмыс
Ж = жұптық жұмыс
Д = дербес жеке жұмыс
М = мұғалімнің түсіндірмелері
Ф = формативтік бағалау мүмкіндіктері

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет