Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бейнекөрініс арқылы жаңа тақырыпты ашу



бет5/5
Дата21.12.2021
өлшемі119,49 Kb.
#104455
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚМЖ 5 сынып

Бейнекөрініс арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Топтық жұмыс.

«Алтын қақпа» ойыны. оқушылар ойын шарты бойынша топпен жұмыс жасап, тас қақпа және күміс қақпадан өтіп, алтын қақпаны ашу қажет, әр қақпаның алдыңдағы тапсырманы орындаған топтар марапатталады.

1.«Тас қақпа» Сәйкестендір.

1)

2)

3)



4)
2. «Күміс қақпа»

А(1,2) және В(2,4) ондық бөлшегін координаталық сәуледе кескінде.



3. «Алтын қақпа»









































































































































































Координаталық сәулені бөліктерге бөліп, ондық бөлшектерге 3 мысал ойлап, соны сәуледе кескінде.

ҚБ: Топтар бір – бірін шапалақтау арқылы бағалайды.

Жұптық жұмыс. Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы есептерді шығару.

]ҚБ:Смайликтер арқылы бағалау

(мұғалім есептерді шығару деңгейлеріне сай смайликтер береді)

Жеке жұмыс. «Кім жылдам» әдісі

Саралау тәсілі. «Тапсырма». Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар.

А деңгейі

1) 5,982 ондық бөлшегіндегі:

1) бірлік

2) ондық үлесті;

3) жүздік үлесті;

4) мыңдық үлесті атаңдар



В деңгейі

Ондық бөлшектерді өсу ретімен жазыңдар

2,5;0,78;1,2; 2,65

С деңгейі

Координаталық сәуле сызыңдар. А(0,2), В(1,5), С(1,9), М(2,3) нүктелерін белгілеңдер.



ҚБ:Оқушылар от шашу арқылы өз-өзін бағалайды

Интерактивті тақта
Презентация

Бағдаршам суреттері


Жарайсың! Өте жақсы!

«Математика» 5 сынып

МАН


Сиқырлы қобдиша

Интерактивті тақта

«Математика» 5 сынып

Bilimland

«Математика»5 сынып
-есеп дұрыс шықты
-есепте қате бар
-есеп шығармаған

5 сынып есептер жинағы



Сабақтың соңы

5 мин


3 мин
1 мин

1 мин


Саралау тәсілі.«Қорытынды»

Жеке жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау

Тапсырмалардың дұрыс жауаптары интерактивті тақтада көрсетіліп, тексеріледі. Оқушылар өз – өздерін бағалайды.

Мұғалім тапсырмаларды рубрика жазу үшін жинап алады.

Тест жұмысын орындау.



Үйге тапсырма.№756 есепті шығару және ондық бөлшектер туралы тарихи мәліметтер іздеп, жазып келу

тапсырылады.



Кері байланыс. «Желкенді кеме»

Оқушылар кері байланысты толтырып тапсырады.




Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

5 сынып


Bilimbook


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасынсақтау




Саралау тапсырмалары арқылы оқушылардың деңгейін анықтау мақсатында А,В,С деңгейінддегі тапсырмалар ұсынылды. «Қарқын».Қосымша есеп. Қабілетті оқушыларға арналған тапсырмалар дайындалды.

Қабілеті жоғары оқушылар білім деңгейі төмен оқушыларға көмектеседі. Жеке тапсырмаларды орындауда қабілетті оқушыларға өз бетімен жұмыстануға мүмкіндік беріледі. Топтар өз міндеттерін бөліседі. Тапсырмалалардың сараланған болуы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушыларға түрлі тапсырмалар мен ресурстар дайындау арқылы қолдау көрсетемін.



Оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеру үшін қолданылған қалыптастырушы бағалау түрлері:

1. Мұғалімнің мадақтауы (Өте жақсы! Жарайсыңдар! Керемет!)

2. Топтар бір – бірін шапалақтау арқылы бағалайды

3. Смайликтер арқылы бағалау

4. «От шашу» әдісі арқылы бағалау

5.От шашу арқылы өз-өздерні бағалайды

6. Жұлдызша арқылы бағалау

Оқушылардың берілген тапсырмаларды дұрыс, нақты орындауы қадағаланды. Сабақ соңында оқушылар өз – өздерін бағалайды және кері байланыс жасайды. Оқушылардың қажеттілігін анықтау мақсатында «Желкенді кеме» кері байланыс түрі қолданылады.



Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл – күйін қадағалап отыру.

Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады.

Гигиеналық талаптардың орындалуы (таза ауа, жарық, тазалық).

АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау.

Интерактивті тақтаны уақытымен пайдалану.

Оқушылардың партада түзу отыруын қадағалау.



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты оқу мақсатына келісілген, шынайы, қолжетімді болды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақта белсенді оқу – әдістері мен саралаудың тәсілдері толық қамтылды. Саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар:

«Тапсырма» тәсілінде білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар берілді.

«Дереккөздер» тәсілінде қосымша оқулықтардан материалдар алынды.

«Қарқын» тәсілінде қосымша тапсырмалар дайындалды, ол тапсырмалар қабілеті жоғары оқушылар үшін қолданылды.

«Қорытынды» тәсілінде оқушыларға жаңа сабақты қорытындылауға қатысты қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен bilimbook – тан тест берілді.

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі үй тапсырмасын тексеру үшін қолданылды.

«Бағалау» тәсілі арқылы оқушылар әрбір тапсырма сайын үнемі бағаланып отырды.

«Жіктеу» тәсілінде ширату жаттығулары арқылы оқушылар аралас гендерлік топқа бөлінді.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді деп ойлаймын. Сабақ кезеңдерінде жоспарлаған уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ жоспарынан ауытқулар болмады.



Жалпы бағалау

Сабақ өз мақсатына жетті

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Топтық жұмысты «Алтын қақпа» әдісі арқылы ұйымдастыру

2:Саралау тәсілі.«Тапсырма». Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Тапсырманы орындағанда оны жекелей және бірлесе отырып, жан – жақты қарастырып, ой елегінен өткізіп, туындаған ойлары мен түсініктерін ортаға салып, талқылап, пікірлесу.

2:Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытатын әдістердің қажеттілігі.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет