Қысқа толқынды күн радиациясының ағындары



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі73,09 Kb.
#86787
  1   2
Байланысты:
Күн радиациясы


Күн радиациясы , күннің сәуле шығаруы – Күннің электрмагниттік және корпускулалық сәуле шығаруы. Электрмагниттік радиация (күннің сәулелік энергиясы) электрмагниттік толқындар түрінде, 300000 км/с жылдамдықпен тарап, жер атмосферасына енеді. Жер бетіне дейін тура (жерге бұлтсыз ашық жағдайда атмосферадан көктей өтіп жететін Күн сәулелері) және шашыранды (атмосферадағы шаң-тозаңнан, бұлттан шашыраған Күн сәулесі) радиация түрінде жетеді. Олардың 48%-ы спектрдің көрінетін бөлігінде (0,38 – 0,76 мкм), 45%-ы инфрақызыл сәуле (0,76 мкм), 7%-ы ультракүлгін сәуле (0,38 мкм) спектрінде жатады. Корпускулалық радиация негізінен 300 – 1500 км/с жылдамдықпен қозғалатын әрі түгелімен жер магнитосферасында тұтылып қалатын протондардан тұрады (концентрациясы 5 – 80 ион/см3, ал күн активтілігі артқанда, ол да артады). Күн радияциясы – Жер бетінде және атмосферада болып жатқан экзогендік процестер үшін бірден-бір энергия көзі болып табылады; әдетте оны жылулық әсері бойынша өлшейді. Оның жер бетіне келетін мөлшері уақыт бірлігінде 1 см 2 жерге түсетін калориямен өрнектеледі. Жер әр минут сайын Күннен 2,4·1018 кал сәулелік энергия алады




  • Метеорологияда сәулелік энергия ағындары толқын ұзындықтары 0,2-ден 5,0 мкм-ге дейінгі қысқа толқынды радиацияға және толқын ұзындықтары 5,0-ден 100 мкм-ге дейінгі ұзын толқынды радиацияға бөлінеді.

Қысқа толқынды күн радиациясының ағындары :
– тікелей;
– шашыранды (диффузиялық);
– қосынды.
W-күн энергиясы деп электромагниттік толқындармен тасымалданатын энергияны атайды.
Халықаралық бірліктер жүйесінде W сәулелену энергиясының бірлігі болып – 1 джоуль саналады.
Сәулелік ағын – Фэ келесі формуламен анықталады
Фэ=W/t, (4.4)
мұндағы W – t уақытындағы сәулелену энергиясы. W=1Дж, t=1с деп шамалай отырып, мынаны аламыз: 1(Фэ)=1Дж/1 сек=1 Вт.
Сәулеленудің сәулелік ағынының тығыздығы (радиация ағыны-I) келесі формуламен анықталады:
I=Фэ/S, (4.5)
мұндағы, Фэ – S жер бетіне біркелкі түсетін сәулелену ағыны.
Фэ=1Вт, S=1м2 деп шамалай отырып, 1(Еэ)=1Вт/ 1 м2=1 Вт/м2 аламыз.




Метеорологияда сәулелік энергия ағындары толқын ұзындықтары 0,2-ден 5,0 мкм-ге дейінгі қысқа толқынды радиацияға және толқын ұзындықтары 5,0-ден 100 мкм-ге дейінгі ұзын толқынды радиацияға бөлінеді.
Қысқа толқынды күн радиациясының ағындары :
– тікелей;
– шашыранды (диффузиялық);
– қосынды.
W-күн энергиясы деп электромагниттік толқындармен тасымалданатын энергияны атайды.
Халықаралық бірліктер жүйесінде W сәулелену энергиясының бірлігі болып – 1 джоуль саналады.
Сәулелік ағын – Фэ келесі формуламен анықталады
Фэ=W/t, (4.4)
мұндағы W – t уақытындағы сәулелену энергиясы. W=1Дж, t=1с деп шамалай отырып, мынаны аламыз: 1(Фэ)=1Дж/1 сек=1 Вт.
Сәулеленудің сәулелік ағынының тығыздығы (радиация ағыны-I) келесі формуламен анықталады:
I=Фэ/S, (4.5)
мұндағы, Фэ – S жер бетіне біркелкі түсетін сәулелену ағыны.
Фэ=1Вт, S=1м2 деп шамалай отырып, 1(Еэ)=1Вт/ 1 м2=1 Вт/м2 аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет