«Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» пәнінің глоссарийі



Дата25.01.2022
өлшемі16,55 Kb.
#114200
түріАнықтамалық
Байланысты:
Глоссарий


«Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» пәнінің глоссарийі

Адресация – лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда тегі, әкесінің аты, аты.

Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық ісқағаздың түрі.

Арыз – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын ісқағазының бір түрі.

Визит карточкасы – іскерлік қатынас үшін өте керек ісқағаз, құжат.

Жарнама – тауардың өтімділігін арттыру және коммерциялық мақсатта жұртшылықты белгілі бір өніммен таныстыру, құлағдар етуге бағытталған кұжат.

Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат.

Жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат.

Кепілхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі.

Қолхат – қағаз иесінің біреуден не мекемеден бір затты (бағалы зат, құжат) алғандығын және оны белгілі мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсететін құжат.

Құжаттау үрдісі элементтері: құжаттарды дайындау; құжаттарды жолдау, тіркеу; сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу; құжаттарды қолдануға дайындау; құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау; құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын ісқағазының бір түрі.

Өмірбаян – жеке адамның өмірінен мәлімет беретін ісқағазының бір түрі.

Өтініш – жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат.

Өтінім – мекемеішілік қатынаста қажетті заттарды алуға арнайы бланк түрінде толтырылатын құжат.

Ресми құжатқа тән белгілер: мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы; тұжырымдардың дәл, нақты болуы; сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы; терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі; терминнің ең қолданылу жиілігі; жоғары қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

Тапсырыс – мекемеаралық қажетті заттарды алуға арнайы бланк түрінде толтырылатын құжат.

Телефонхат – телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат.

Түйіндеме (Резюме) – француз тілінен алынған термин. «Айтылған я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағына береді. Резюме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін ісқағазының бір түрі.

Сенімхат – бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін ісқағазының түрі.

Cтиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді.

Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасы.

Ұсыныс – белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жұмысын жақсартуға, жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттерді шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама түрі.

Хабарландыру – мәжіліс, жиналыстар, мәдени шаралар, тендерлер, вакансиялар туралы мәлімдейтін құжат.



Хаттама жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім шығарудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.

Ісқағаздарының қызметтері – реттеуші, негіздеуші, айғақтаушы, жүйелеуші, қайнар көзі, көрсеткіші.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет