Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
1-тапсырма.
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
1. Білу айдарындағы сұрақтарға жауап береді.
2. Үлкен ми сыңарларының бөліктеріндегі аймақтардың қызметін айтып береді.
3. Мидың құрылысына сипаттама береді.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Тапсырманы сипаттап түсіндіреді.
- Сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
2-тапсырма.
Оқулықта берілген білу, түсіну және қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Білу айдарындағы сұрақтарға мұғалім көмегімен жауап береді.
2. Адамның рефлекстік әрекеттеріне толық сипаттама береді.
3. Суреттердің сан арқылы берілген бөлімдерін атайды.
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
-Сұрақтарға жауап береді.
- Тапсырманы сипаттап түсіндіреді.
- Суретпен жұмыс жасайды.
|
ДК
|
|
3-тапсырма.
Оқулықта берілген синтез және бағалау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Атқаратын қызметіне байланысты нейрондар ... және ...
болып бөлінеді.
Жүйке жүйесінің негізін ... жүйке жасушалары құрайды.
Жүйке жасушаларының денелері пішіні бойынша әртүрлі болып келеді, ал өсінділері әртүрлі ұзындықта болады: қысқалары .... ал ұзындары .... деп аталды.
2. Суретте жұлын өзегі ..... санымен белгіленген, ..... толтырылған.
3. Жұлынның өткізгіш қызметіне қатысты қатарды табады:
Аяқ-қолды жазу.
Жұлыннан миға жүйке импульсін беру.
Қолды ыстық заттан тартып алу
Тізе рефлексі.
Мидан бұлшық етке жүйке импульсінің берілуі.
|