Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит, бүйрекке тастың жиналуы. Себептері және алдын алу шаралары
Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит, бүйрекке тастың жиналуы. Себептері және алдын алу шаралары.»
Бөлім:
9.2B
Бөліп шығару
Педагогтің аты-жөні:
Қанай Жансая
Күні:
23.11.2021 ж
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит, бүйрекке тастың жиналуы. Себептері және алдын алу шаралары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
9.1.5.4 - бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Зәр шығару жүйесінің гигиенасы туралы түсінік қалыптасады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Бүйрек және басқа зәр шығару мүшелерінің ауруларын қарастырады.
Кейбір оқушылар үшін:
Теңестірілген дұрыс тамақтануға ұсынылған азық-түліктердің түрлерін және зиянды тағам түрлерін ажыратып талдайды..