&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


АДАМЗАТТЫ БІРІКТІРУ



Pdf көрінісі
бет195/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

164


АДАМЗАТТЫ БІРІКТІРУ
тан да Қытай мен Лидия аймақтарының арасында берік коммерция- 
лык, соның ішінде қаржылық байланыстар орнады. Мұсылман жэне 
Еуропа саудагерлері, сондай-ақ өзге аймақтарды жаулап алушылар 
Лидия жүйесі мен алтын-інжілді Жердің ең шалғай түкпірлеріне дейін 
жеткізді. Соның нәтижесінде, бүкіл өлем бірегей қаржы аймағына ай- 
налды; әуелі айналымда алтын мен күміс, кейінірек сенімді саналған 
валюта, мысалы, ағылшын фунты мен АҚШ доллары жүрді.
Діни ұстаным мен мәдени ортаға мойынсүнбайтын халықаралық 
бірегей монетарлық жүйенің пайда болуы афроазиялық аймақты, со- 
дан соң бүкіл ғаламшарды ортақ экономикалық және саяси жүйеге бі- 
ріктірді. Адамдар әр тілде сөйлеп, алуан билеушілерге бағынғанымен 
және әртүрлі қүдайларға табынғанымен, алтын мен күміс монеталар 
бәрінің сеніміне кірді. Мұндай ортақ сенім орнамайынша, жаһандық 
сауда жүйелері қүрылмас еді. Кон киста дорлар Америкадан алып кел- 
ген алтын мен күміске Еуропа саудагерлері Шығыс Азиядан жібек, 
фарфор мен дәмдеуіштер сатып алды, бұл Еуропаның да, Азияның да 
экономикалық өрлеуіне ықпал етті. Мексика мен Андтың алтын мен кү- 
місінің түгелге жуығы еуропалықтардың уысынан өтіп, қытайдың жібек 
пен фарфор саудалаушыларының өмиянына шөгіп қалды. Қытайлар 
да Кортестің жолдастары сияқты «жүрек кеселіне» шалдықпағанда, 
төлемге алтын мен күмісті алудан бас тартқанда, әлемдік экономика 
қалай дамыр еді?
Неліктен қытайлар, үнділер, арабтар, испандар - аса алуан текті, 
ешқашанда бір-бірімен келісімге келмеген мәдени орта өкілдері - ал- 
тынға бірдей сенім артты? Неге испандар алтынға, арабтар арпаға, 
үнділөр каури бақалшығына, ал қытайлар бір орам жібекке ғана сенім 
артатындай ахуал қалыптаспады? Жауабын экономистер біледі: екі 
өлкенің арасында сауда-саттық жүре бастаған бойда импортқа шыға- 
тын және экспортталатын тауарлар бағасын сұраныс пен үсынысты 
реттейді. Мұның қалай өтетінін түсіну үшін ойша сынақтама жасап кө- 
рейік. Үндістан мен Жерорта теңізі елдері арасында тұрақты айырбас 
сауда орныға бастаған кезде үнділерді алтын қызықтырған жоқ, басқа- 
ша сөзбен айтқанда, олар үшін оның түк құны болған емес деп ойла- 
йықшы. Ал Жерорта төңіз жағалауының тұрғындары үшін алтын - жо- 
ғарғы мәртебөнің рәмізі еді, сондықтан оның қүны өте жоғары болды. 
Бұл қандай жолдарға жетеледі?
Үндістаннан Жерорта теңізі елдеріне және кері қарай тауар тасыған 
саудагерлер алтын бағасындағы айырмашылықты тез аңғарды. Оңай 
дөулөт жиып, шапшаң баю үшін олар алтынды Үндістаннан арзанға са­
тып алып, Жерорта теңізі жағалауына қымбатқа сата бастады. Соған 
сәйкес Үндістанда алтынға сұраныс қарыштай өсіп, яғни бағасы көте- 
ріліп, ал Жерорта теңізі елдерінде сұраныс қанағаттандырылғандай 
күйге жетіп, баға төмендеді. Жерорта теңізі алабында да, Үндістанда 
да өте шапшаңтүрде сары металға бірдей баға қалыптасты. Тіпті үнді-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет