Арпадан күміс шекелдің айырмашылығы өзіндік кесімді құндылығы
болған емес. Оны ішіп-жеу мүмкін емес, одан киім-кешек тіге алмайды,
162
АДАМЗАТТЫ БІРІКТІРУ
ол өте жумсақ, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға да жарамай-
ды - күміс соқа мен күміс қылыш қаңылтыр қағаздан жасағандай тез
майырылып қалады. Алтын мен күмісті тек әшекейлер, төждер, басқа
да мәртебе рәміздерін дайындау барысында пайдаланады. Бүл сән-
салтанат буйымдарын белгілі бір мәдени орта өкілдері қоғамдағы биік
мәртебе, жоғарғы лауазым деңгейімен шендестіреді. Яғни олардың
құндылығы таза мәдени сипатта ғана.
* * *
Таразылардың көпшілігі белгіленген салмағы бар асыл металдан
біртіндеп монетаға ауысты. Алғашқы монеталарды б.з.д. 640 жылдар
шамасында Лидия патшасы (Батыс Анадолы) Алиатт (Alyatt) шығарды.
Бүлар кесімді салмағы бар алтын және күміс монеталар болды, опар
та, біріншіден, әрқайсысында қанша асыл металл бары, екіншіден, қай
билеуші осы ақшаны айналымға қосқаны әрі оның шынайылығына ке-
пілдік беретіні таңбаланды. Қазіргі монеталардың барлығы дерлік -
Лидия монеталарының ізбасарлары.
Монеталардың таңбаланбаған қүймалардан елеулі екі артықшы-
лығы бар. Біріншіден, күміс құйманы мәмілелер жасау барысында қай-
та-қайта өлшеуге тура келді. Екіншіден, оны өлшеп алу аз: өзіне кебіс
тіккөні үшін төленген құйманың беті күміс буымен апталған қорғасын
емес, таза күміс екенін етікші қайдан біледі? Монеталар бүл мәселені
шөшіп берді. Таңбалар мен жазбалар әр монетаның дәл бағасын көр-
сетті, етікшіге шеберханасында таразы ұстаудың қәжеті болмай қал-
ды. Ең бастысы, монетада кесімді құнын көрсететін билеушінің немесе
Достарыңызбен бөлісу: |