&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет51/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

49


БІР ІНШІ БӨЛІМ
7. Алғашқы үй жануары ма екен? Солтүстік Израильдегі 12 мың жыл бұрынгы қабір.
Шамамен 50 жастағы әйелдің, ал қасында күшіктің қаңқасы (төменгі сол жақ бұрышта)
жатыр. Күшікті әйелдің басына таман жайғастырған. Әйелдің сол қолы ит мүрдесінің
үстінде. Бүл жағдай екеуінің арасындағы эмоциялық байланысты аңғартып
тұрғандай. Әрине, басқа болжамдар да жасауға болады: мәселен, ит о дүниенің
күзетшісіне тартылған сый да болуы мүмкін.
Sapiens топтарының көпшілігі уақыттың негізгі бөлігін тамақ табу 
қамымен бір орыннан келесіне жөңкіліп жүруге жұмсады. Олардың 
жолдары маусымның ауысуына, жануарлардың жыл сайынғы көшіне 
және өсімдіктердің өсіп-жетілуіне байланысты қалыптасты. Әдетте 
топ мүшелері көлемі ондаған-жүздеген мың шаршы шақырымға жете- 
тін белгілі бір жер аумағын кезе берді.
Кейде осы топтар «өз» өрісінің шегінен шығып, жаңа жерлерді 
зерттеді. Бұған табиғи апаттардың, ішкі және сыртқы қақтығыстардың, 
демографиялық дүмпулердің салдары немесе көсемдердің ықтияры 
итермеледі. Sapiens-тер бүкіл әлемге осылай жайыла бастады. Есебі 
қарапайым: аңшылар мен терімшілер тобы шамамен 40 жылда бір рет 
екі бөлінеді де, енші алған бөлігі жүз шақырым қашықтыққа жырыла 
көшеді. Үнемі Шығысқа қарай ойыса берсе, 10 мыңжылда Африка тұр- 
ғындары Қытай аумағына жетеді екен.
Азық-түліктің аса мол қорына кезіккен сирек жағдайларда адам- 
дар қосын тігіп, маусым немесе жыл бойы аялдады. Қоректі кептірудің, 
ыстаудың, арктикалық бөлікте тоңазытудың тәсілін жетілдірді, осының 
өзі бір орында үзақ аялдауға мүмкіндік берді. Тағы бір елеулі фактор: 
балығы мол теңіздер мен өзендердің жағалауына адамдар түрақжай 
салды. Бұл адамның тұңғыш тұрақты қоныстары еді, олар аграрлық 
революцияға дейін, 45 мың жыл бүрын, Индонезия аралдарында пай- 
да болды. Негізгі тұрақтарында бірталай уақыт тіршілік етіп, сол жер- 
ден 
Homo sapiens
-тер теңіздің арғы жағына, Австралияға аттанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет