жануарлар сияқты адамдар да жұқпалы ауру таратушылардан, яғни
індетке шалдыққандар мен содан өлгендерден аулақ жүреді. Қандай
да бір тапты - әйелдерді, еврейлерді, гомосексуалдарды, зәңгілерді
қоғамнан оқшаулау қажет болса, ең оңайы - олардың жұқпалы ауру
таратушы екеніне жұртты сендіру.
Тазалықты былғанышқа қарсы қоятын қалыбымен касталық жүйе
Үндістан мәдениетіне тамырын бойлата жіберді. Арийлер басқыншы-
лығы әлдеқашан умытылды, алайда Үндістан түрғындары касталық
жүйеге сеніп, касталардың араласуынан туындайтын былғаныштан
қатты қорқады. Сөйте тұра, каста жүйесі де өзгерді. Уақыт өте келе
негізгі касталар бірнеше касташықтарға бөлініп, төрт варннан (үлкен
кастадан) 3000 джати дел аталатын топ
ш ы қты .
Бірақ касталардың
көбеюі бұл жүйенің қазықтай қағидаттарын шайқалта алмады; әркім
туғаннан белгілі бір топқа жатады, ал енді сол топтың шегінен тысқа-
ры шығуға тырысуы немесе оның ережелерін бұзуы әлгі адамның өзін
де, түтас қоғамды да арамдап, сүйекке таңба салады. Джати адамның
мамандығын да, оған жеуге рүқсат етілетін тағам түрін де, некеге туру-
fa болатын жубайларының шек-шеңберін де белгілеп берді. Неке тек
кастаның ішінде қиылып, балалар ата-ананың мәртебесін мирас етті.
Жаңамамандықтүріпайдаболғансайыннемесежаңаадамдартобы
қуралған кезде, олар үнді қоғамының қурылымынан тиесілі орындарын
алу үшін өздерін каста ретінде мойындауды қажет етті. Әлдеқандай
топ кастаға рәсімделмесе, ондай адамдар мүлде аластатылды - қатаң
таптық-топтық қоғамда оларға ең төменгі қабаттан да орын тимеді.
127
Е КІН Ш І БӨЛІМ
Оларды аласталғандар деп атады. Аласталғандар бөлек тұрды, лас
Достарыңызбен бөлісу: |