&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


лер үстемдік етуші орын алып, жабайыларға малайлар мен құлдардың



Pdf көрінісі
бет147/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

лер үстемдік етуші орын алып, жабайыларға малайлар мен құлдардың
рөлі тиді. Саны жағынан жергілікті тұрғындар басым болғандықтан,
басқыншылар өздеріне артықшылық беретін мәртебесін жоғалтып алу-
дан қауіптенді. Ондайға жол бермеу үшін олар тағы тұрғындарды кас-
таға бөліп, әр кастаға нақты қызмет түрін немесе белгілі бір қоғамдық
126


АГРАРЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ
міндетті белгіледі. Барлығы айрықша заңдық мәртебеге ие болып, мін-
деттер мен артықшылықтар алды. Кастаның араласып-құраласуына,
некелесуіне нөмесе қандай да бір әлеуметтік әрекеттесуіне тіпті бірге
тамақтануына да тыйым салды. Және де мұндай айырым заңмен ғана
емес, сондай-ақ діни мифологиямен де, күнделікті іс-тәжірибемен де
бекіді.
Билеушілер касталық жүйе тарихи дамудың кездейсоқтығына
емес, мәңгілік ғарыштық ақиқатқа негізделгеніне сендіріп бақты. Ин­
дуизм үшін кіндік қағида - тазалық пен былғаныш ұғымдары, нақ осы
ұғымдар әлеуметтік пирамидаға тірек болды. Діндар үнділер өзге кас-
таның мүшесімен байланыс жасау тек заң бүзған адамды ғана емес,
бүкіл қоғамды тұтастай былғайды - бір сөзбен айтқанда, «бұдан ас-
қан сүмдық жоқ» деді. Бұл үнділік ілімнің ерекше көрінер ештеңесі жоқ.
Кез келген тарихи кезеңдегі қоғамдардың көбінде нақ осы тазалық пен
былғаныш туралы ұғымдар әлеуметтік айырымдарды қалыптасты-
рып, жандандыру ісінде жетекші рөл атқарды. Билеуші тап бұларды өз
артықшылықтарын сақтап қалу үшін үнемі пайдаланып отырды. Оған
қоса, былғанып қаламын-ау деген қорқыныш күшті болды, ол абыздар
мен патшалардың ойдан шығарған уағыздарынан ғана емес, сондай-
ақ тіршілік етудің биологиялық амалынан да өрбитін еді: барлық жан-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет