Е КІН Ш І БӨЛІМ Әлеуметтік-саяси иерархиялардың ешқандай логикалық немесе биологиялық негізі жоқ. Олар тек мифтермен қампиған мән-жайлар- дың кездейсоқ тоғысуына ғана арқа таңады. Айтпақшы, тарихты дәл осы себеп бойынша зерттеген пайдалы. Ақтар мен қараларға немесе брахмандар мен шудраларға бөлу биологиялық шындыққа негіздел- се, яғни брахмандардың миы шудралардікіне қарағанда, шын мәнін- де, жақсы жумыс істесе, адамзат қоғамының құрылысын түсіну үшін биологияның өзі жеткілікті болар еді. Алайда Homo sapiens топтары арасындағы биологиялық айырмашылық ауыз толтырып айтарлықтай көп емес, биология пәнімен үнді иерархиясын немесе Америкадағы нәсілдік нанымдардың дамуын түсіндіре алмаймыз. Бұл құбылыстар- ды түсіну үшін адами қиял элементтерін рас әрі өте қатал әлеуметтік құрылымға айналдырып жіберген оқиғаларды, жағдайлар мен күштер- дің өзара әрекеттесуін зерттеп-зерделеуге тура келеді. Еркек пен әйел Әр қоғамның өз иерархиясы бар. Ж аңа замандағы америкалықтар нәсілге көңіл бөледі, ал ортағасырлық мұсылмандар іс жүзінде оған мән берген жоқ. Ортағасырлық Үндістанда кастаға теліну өмірдің ең басты мәселесі еді, ал қазіргі Еуропада мұндай әлеуметтік ұйымның ізін де таба алмаймыз. Адамзат қауымы еркектер мен әйелдерге бөлі- неді, барлық жерде еркектер елеулі басымдықтар иеленеді. Ежелгі қытай жазбаларының бірінде - жорамал айтатын жауырын сүйекте (б.з.д. 1200 жылдар); «Хао ханшайым сәтті босана ма?» - деп сұрақ қойған. Оған: «Дин күні босанса - сәтті, гэн күні туса - өте та- маша», - деп жауап берді. Бірақ Хао ханшайым дзяин күні босанады.