&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Бурын альфа-еркектер тал осы күйінде тым жұпыны көрінер еді. Бүкіл тарихи кезеңдерде



Pdf көрінісі
бет163/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Бурын альфа-еркектер тал осы күйінде тым жұпыны көрінер еді. Бүкіл тарихи кезеңдерде
билік басындағы еркектер жарқыраған, әрі бірден көзге түсетін киім-кешек киюге
тырысты - шаштарына қаптатып қауырсын таққан Америка үндістерін немесе
бастан-аяқ жібекке малынып, асыл тастармен көмкеріп тастаған Үндістан
махараджасын еске алыңыз. Жануарлар әлемінде де еркектері үрғашыларына
қарағанда сән-салтанатпен жүреді, мәселен, қүйрығы қүлпыра жайылатын
тауысқа немесе күлтелі жалы күдірейген арыстанға қараңызшы.
«еркек» немесе әйелді «әйел» дей салмайды. Мұндай атаққа ие бола 
салып, масаттануға әлі ерте. Еркектер еркек екенін удайы, тал бесік- 
тен жер бесікке жеткенше дәлелдеуге тура келеді. Ол үшін бірнеше 
рәсімдер мен алдын ала белгіленген іс-әрекеттерді өткеруі қажет. 
Әйелге де босаңсуға болмайды: өзіне және өзгелерге барлық жағдай- 
да қыз қылықты, сүйкімді екенін өмір бойы дәлелдеуі керек. Сонда да 
табысқа жетеріне кепілдік жоқ.
Әсіресе еркектер ерлікке, өрлікке ұмтылысынан ештеңе шықпай 
қала ма деген уайым шегіп, үнемі қорқып жүреді. Тарихтың ұзын-ырға- 
сында өзі туралы тек «нағыз ер еді» деген пікір қалдыру үшін еркектер 
бастарын талай қатерге тігіп, өмірлерін пида етумен келеді.
138


АГРАРЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ
Еркек аты несімен жақсы?
Қалай болғанда да, аграрлық революциядан бастап адамзат қоға- 
мының көлшілігі еркекті әйелден едәуір жоғары қойды. Қандай да бір 
мәдени ортада гендерлік категория қалай анықталғанына қарамастан, 
«еркек» болу әрқашан да артықшылық берді. Мұндай қоғамды ғылым- 
да «патриархат» деп атайды. Патриархаттық қоғам «еркектік қасиет- 
ті» «әйел қасиетінен» биік қояды. Ол еркекті - «еркекше», ал әйелді 
«әйелше» ойлап, әрекет етуге үйретеді және де бұл шекараны бүз- 
ғандар қатаң жазаға тартылады. Ақы төлеуде де теңдік жоқ - әйелдік 
идеалға жүгінуге міндетті қоғам мүшелері еркектік идеалды бойына 
жиғандардан аз ақы алады. Білім беру мен емдеу саласында әйел- 
дерге аз қаражат жұмсалады, олар жартымсыз экономикалық мүмкін- 
діктер иеленіп, қоғамға жартыкеш ықпал жасайды, тіпті олардың жү- 
ріп-түру еркіндігі де шектеулі. Спортшылардың көбі көпе-көрінеу күміс 
медаль үшін ғана тайталасатын жарысты көзге елестетіп көріңіз.
Әрине, әйелдер арасында да жоғарғы билікке жеткендер болды: 
Мысыр патшасы Клеопатра, Қытай патшайымы У Цзэтянь (6.3.700 жылы) 
немесе ағылшын королевасы I Елизавета. Бірақ бүл ілуде біреу кезде- 
сетін ерекше жағдай еді. Елизавета басқарған 45 жыл бойы Парламент- 
те тек ер-азаматтар отырды, армия мен флоттағы офицерлік лауазым- 
ды қызметтің бәріне еркектер жайғасты, адвокаттар мен судьялардың 
барлығы еркек болды, сондай-ақ бүкіл епископтар, архиепископтар, 
діндарлар, дәрігерлер мен хирургтар түгелдей солар еді... Иә, жазушы- 
лар, сәулетшілер, ақындар, философтар, суретшілер, музыканттар мен 
ғалымдар арасында да басым көпшілікті ер адамдар қүрады.
Патриархат - іс жүзінде бүкіл аграрлық және индустриялық қо- 
ғамдардың нормасы. Бүл қоғамдық құрылыс саяси төңкерісті де, әлеу- 
меттік революцияны да, экономиканың жаһандық өзгерісін де бастан 
өткерді. Мысалы, Мысыр елі шабуыл мен басқыншылыққа бірнеше 
мәрте үшырады. Оларға ассириялықтар, парсылар, македондықтар, 
римдіктер, арабтар, түріктер мен ағылшындар кезекпе-кезекиелікетті. 
Алайда патриархаттық жүйе ешқайда кетіп калған жоқ. Перғауындар- 
дың қол астында және эллинизм дәуірінде, Рим қүқығы мен мұсыл- 
мандық әдет-ғұрпы бойынша, Осман империясының жене Британ бас- 
қыншыларының заңдары бойынша, «еркек еместер» түрақты түрде 
дискриминацияға үшырады.
Патриархаттық салт жаһанға жаппай жайылғандықтан, оны кез- 
дейсоқ жағдаяттарға байланысты пайда болатын шырғалаң шеңбер 
элементіне балауға болмайды. Айрықша атап өтетін жайт, тіпті 1492 
жылға дейін мыңдаған жылдар бойы еш байланыс болмаса да, қос 
Америкада да Афроазияда да патриархат үстемдік құрды. Афроазия- 
лық патриархатты кездейсоқ жағдайлардың жемісі десек, онда ацтек 
пен инктер қандай сәйкестікке орай, патриархаттық жүйені таңдап


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет