&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет164/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

139


Е КІН Ш І БӨЛІМ
алды? Гендерлік талаптары эр алуан бола тұра, мәдени орталардың 
түгелге жуығын еркектік бастауды әйел қасиетінен жоғары қоюға жете- 
лейтін әлдебір әмбебап биологиялық қағида бар деген ұйғарым жасау 
қисынға келеді. Оның мән-маңызы не - білмейміз. Теориялар көп, бі- 
рақ олардың бірде-біреуі толық сендіре алмайтын сияқты.
Бұлшық ет күші
Ең кеңінен таралған теория айқын фактіге иек артады: дене бітімі 
күштірек еркектер әйелдерді бағынуға мәжбүр етті дейді. Тап осы тео- 
рияның көп айтылатын нұсқасында ауыр жұмыстарға еркектердің ғана 
күші жеткенін, олар жер жыртып, егін жинағанын, сол арқылы азық өн- 
діру ісіне, одан әрі, сәйкесті түрде, саяси билікке бақылау орнатқанын 
алға тартады.
Бұлшық ет күші теориясында екі кемістік бар. Біріншіден, «еркек­
тер әйелдерден күшті» деген пікір жалпылама алғанда ғана дұрыс, әрі 
оны дене күшінің кейбір аспектілеріне ғана қолдануға болады. Әйел- 
дер, әдетте, көп шаршамайды, аштыққа төзімді, қатты ауырып-сырқа- 
майды. Кейбір еркектерге қарағанда, тез жүгіретін немесе ауыр нәрсе- 
лерді көтере алатын әйелдер аз емес. Ал, ең бастысы, бұл теорияны 
шатқаяқтатып тұрған мына дәйек: ұзақтарихтыңұзын-ырғасында әйел 
затын дәл осы дене күші қажет етпейтін жұмыстарға жолатпады (діни 
жауапты қызметке, сотқа, саясатқа жолатпады), бірақ оларды егістік 
алқапта, шеберханада, зауытта немесе «үй шаруашылығында» зо- 
рыға жүмыс істеуге қиналмай аттандыра берді. Қоғамдағы хал-ахуал 
дене күшімен және төзімділікпен шешілсе, әйелдердің билікті тұтас- 
тай қолға алуы әбден мүмкін еді.
Екінші қарсы уәж де елеуге тұрарлық: дене күшінің деңгейі мен 
билік деңгейінің арасында өзара сабақтастық, тікелей байланыстылық 
байқалған емес. Әдетте тән қуатын әлдеқашан сарыққан егде адамдар 
жас өрендерге әмірін жүргізеді, XIX ғасырдың орта шенінде Алабаманың 
мақта алқабындағы кез келген құл өз қожайынының аяғын аспаннан 
келтіре алар еді. Мысыр перғауынының немесе Рим папасының 
мирасқорын сайлаған кезде, бокстан матч өткізген жоқ. Тіпті аңшы 
мен терімшілер тобында да бұлшық еттері дамығаны емес, тілдесу, 
араласып-құраласу машығы мейлінше жетілгені басымдыққа ие болады. 
Ал мафиоздық құрылымдарда топ басшысы міндетті түрде ең күштісі 
емес, көбіне егде жастағы, жұдырығы әлсіз адам болады: ол үшін лас 
жұмыстарды жастар істейді. Әлдебіреу топ басшысын тас-талқан қылып 
сабап, қылмыстық синдикаттың тізгінін қолына алуға тыраштанса, ондай 
әумесер жер басып ұзақ жүрмейді. Тіпті шимпанзелер арасында да 
альфа-еркек әлеуметтік пирамиданың үшпағына көзжұмбай зорлықпен 
емес, өзге еркектермен, сондай-ақ ұрғашылармен де, тұрақты коалиция 
құру арқылы шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет