те түрып, ұлы Александр кешкі асқа нақсүйері Гефестионды алып кел- генде, патшайым оларды қабақ шытпастан қабылдайды. Өз бөтімен орныққан нормаларды дәріптеуге тырысатын адамдар- дың биологиялық мифтерінен табиғаттың бүлжымас заңдарын қалай ажыратып алуға болады? «Биология рұқсат етеді, мәдениет тыйым са- лады» деген жақсы бір сөз бар. Табиғат бізге мүмкіндіктердің ауқымды кеңістігін айқара ашып тастаған. Ал мәдениет адамдарды кейбірін ғана пайдаланумен шектеліп, қалғандарының бәрінен бас тартуға мәжбүр- лейді. Биология әйелдердің перзент сүюіне мүмкіндік берген, кейбір мәдөни орта оларды осы қабілетті іске асыруға мәжбүрлейді. Биология еркектерге бір-бірінен сексуалды қанағат алуға мүмкіндік берген, кей- бір мәдени орта бұл мүмкіндікті жүзеге асыруға тыйым салады. Мөдениет әдетте табиғилыққа қарсы нәрселерге ғана тыйым сала- тынын айта береді, алайда биологиялық кезқарас тұрғысынан мынау тіршілікте табиғи заңдылықтан тыс ештеңе жоқ. Табиғи емес, табиғат заңын бұзатын мінез-құлық жүзеге аспауға тиіс, оған тыйым салудың да қажеті шамалы. Бірде-бір қоғам фотосинтезді жоюға немесе әртекті зарядтардың бір-біріне тартылуына тыйым салған емес. «Табиғи» және «табиғи емес» туралы түсінігіміз биологиядан емес, христиандық уағыздамадан алынған. Дін ілімінде «табиғи» дегеніміз - «табиғат пен оның заңдарын жаратушы Қүдайдың қалауына» сай ке- летін қылықтар. Христиан ілімі Қүдай адамның денесін жаратып, әр ағзаға нақты қызметтік міндет жүктеген дейді. Өз денеміздің мүшелері мен ағзаларын Құдай қарастырған мақсатта пайдаланып жүрсек, та- биғи өмір сүреміз, ал оларды Жаратушының ниетіне қарама-қарсы жұмсасақ, бүл - табиғи емес. Бірақ эволюцияда ниет жоқ. Ағзалар әлдекімнің әмірімен дамымайды. Олардың «қызметтік міндеті» де өз-