Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу тілінің айырым белгілері. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата04.07.2018
өлшемі50 Kb.
#46768
түріСабақ
Сабақ жоспары №


Күні

Тобы





















Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу тілінің айырым белгілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сөйлеу тілінің айырым белгілері туралы балаларға түсінік бере отырып, дұрыс, мәдениетті, әдеби тіл нормаларын сақтай отырып сөйлеуге қалыптастыру;

дамытушылық: айтар сөздерін ойланып сөйлеуге дағдыландыру, ойлау, шығармашылық ізденістерін дамыту;

тәрбиелік: оқушыларды ұлтын құрметтеуге, мәдениеттілікке, жігерлікке, жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:сызба, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Топпен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.



ә) Үй тапсырмасын тексеру:

Білім алушыларға өткен сабақ бойынша сұрақтар қоямын бірнеше сұрақтар қоямын.



  • - Сөйлеу тілі дегенімізді қалай түсіндіңіздер?

  • - Сөйлеу тілінің әдеби тілден айырмашылығы неде?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

* Жаңа сабақ тақырыбын ашу.

* Сабақтың мақсатын ашып алу;

* Конспект жаздыра отырып, жаңа сабақты түсіндіру

Сөйлеу тілінің тақырыбы да, сөйлеу жағдайы да әр басқа. Соған орай, оның лексикалық құрамы да өзгеше болып сұрыпталған (қарапайым және тұрпайы сөздер). Тек лексикасы ғана емес, сонымен бірге, ол сөз үлгілерінің сөйлем құрылысына, ондағы сөздердің орын тәртібіне қарай әрқайсысының өзіне тән әуезділігін және мәнерлік қасиетін аңғару онша қиынға соқпайды.



  • Сөйтіп, сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін жасайтын айрыкша белгісі — жағдайға (ситуация) байланысты сөйлеу мәнері. Сөйлеу мәнеріне қарай тілдік единицаларды қолдану өзгешелігі болады. Ол ерекшелік ең алдымен, ондағы лексика-фразеологиядан байқалады.

  • Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ оның атқаратын қызметі және тілдік жүйенің пайдаланылуы бір текті болып келмейді. Солай болғандықтан сөйлеу тілін зерттегенде оның формасын, түрін және стилін ескерген жөн (мәселен күнделікті тұрмыс тақырыбы мен ғылыми тақырыпта сөйлеу үлгілері және жиналыстарда, радио мен телевизорда сөйленген сөз т. б.).

  • Сөйлеу тілінің белгілеріне лексикалық, фонетика-морфологиялық ерекшелігі

  • Сөйлеу тілінің қарапайым түрінің - лексикасының құрамына көбінесе қарапайым, тұрпайды сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздер енеді. Бұлар, әсіресе, алдын ала дайындықсыз, кенеттен сөйлегенде қолданылады.

  • Сөздердің ауыспалы мағынада қолдану амалы сөйлеу тіліне мәнерлегіштік әрі бейнелегіштік қасиет береді. Ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер, сол сөз болатын зат не құбылысқа адаңдардың жағымды не жағымсыз көзқарасын білдіру құралы болып саналады. Сөйлеу тілінің эмоционалдық касиеті басым болғандықтан, бұл құралдар сөйлеуде жиі пайдаланылады. Сонымен бірге, сөйлеу стилінде әдетте, олардың көп қайталанып, тұрақталған түрлері жұмсалады.

  • — Түу, ит-ай… Сонша ұмытпай жүр бәрін… (С. Сейфуллин).

  • — Алда көргенсіз ит-ай. Нәрестедей жаныма аузы қалай барды екен. Тұра тұр бәлем, ит аяқтан сары су ішкізермін (Ғ. Мүстафин). Осы мысалдарда “ит” сөзі біріншіде жағымды змоцияны (сүйсіну); екіншіде жағымсыз эмоцияны (жек көру) білдіреді. Бұлай қолдану қарапайым сөйлеу түрі үшін орынды.

  • Сөйлеу тілінде жұмсалатын ауыспалы мағынадағы сөздер де құрамы жағынан әр түрлі: қарапайым, тұрпайы және жалпылама қолданылатын сөздер болып келеді. Ал жасалуы жағынан м е т а ф о р а (өзің бір түлкі екенсің); м е т о н и м и я (аудитория тынышталды); с и н е к д о х а (үйіцде қанша жан бар) т. б. жіктеледі.

  •   Тілді бейнелі жасайтын құралдың бірі — фразеологизмдер. Фра-зеологизмдерге идиом, мақал-мәтел, нақыл сөздер енеді. Бұл тұрақты сөз тіркестері көпшілік жағдайда сөйлеу тілі ыңғайында жұмсалады.

  • — Шіркін, үріп ауызға салғандай екен (сөйлеу тілінен).

  • — Ит жанды ит тірілді ғой деп қос қабаттаған қамшы бас-көзімді жауып кетті… (Ғ. Мүсірепов).

  •   Осы сөз үлгілеріндегі тұрақты сөз тіркестері эмоциональды бояуы жағынан біртекті болып келмеген. “Үріп ауызға салғандай” (сүйкімді, жақсы); “Ит жанды”(төзімді) дегендер жағымды эмоцияны білдіреді.

  • Сөйлеу тілінің фразеологизмдері қолдану ыңғайына қарай қарапайым, тұрпайы, жергілікті ерекшеліктегі және кәсіби болып жіктеледі. 

  • Қарапайым фразеологизмдер: “ит жанды”, “өзің білме, білгеннің тілін алма” т. б.

Тұрпайы фразеологизмдер: “ит жоқта шошқа үреді; сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды” т. б. 

Грамматикалық құбылыстардың да экспрессивтік және стилис-тикалық мүмкіндіктерін жоққа шығаруға болмайды. Тек ол лексика мен фразеологизмдерге қарағанда солғын сезіледі. Бірақ кітаби-жазба стильдермен салыстырғанда, сөйлеу тілі грамматикасының экспрессивтік және стилистикалық мүмкіндіктері басымырақ. Оны, әсіресе, синтаксис саласынан аңғаруға болады.

  •   “Бейімбет Майлиннің диалогқа құрылған “Ыбыраймыз”, “Ыбыраймын” деген өлеңінде сөйлеу тілінің ерекшеліктері өте шебер берілген. 

  • Уа, кімсіз? Төске таққан шеніміз бар 

  • Ыбыраймыз. , Патшаға жаққан ебіміз бар,

  • Жаймысыз? Құдайға шүкір, қойдан жуас

  • Жаймыз. Момақан ғана еліміз бар.

  • Уа, қайдан келесіз? Біз — бай,

  • Сайлаудан келеміз. Біз — құдай!

  • Елге ойран сап Күш — сынасса, жүн болады

  • Ойнаудан келеміз. , Кім келеді сайма-сай

Міне, мұнда сайлаудан қуанышты қайтқан Ыбырай байдың кө-ңіл күйін ауызекі сөйлеу тілінің үлгісінде, оған тән тілдік тәсілдерді мәнерлі қолдану арқылы автор өте дәл бейнелейді. Кеше ғана сайлауда болып, патшаға жаққаны үшін шен алып, “Ыбыраймыз, Біз — бай, біз — құдай”—деп, асып-тасыған байдың өмірі ұзаққа созылмайды. Енді ол соттан қайтып келе жатады. Мойнына су құйылған, көңілі су сепкендей басылған, сондықтан ол сылбыр сөйлейді.

Жаттығумен жұмыс:

46-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазып, ауызекі сөйлеу тілі стилінің өзіндік ерекшелігін айтыңыз.

47 – тапсырма. Мәтінді оқып, ауызекі сөйлеу тілі стилінің тілдік сипаты, фонетика-морфологиялық ерекшелігіне қарай ауызша талдау жасаңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Сұрақтарға дұрыс жауап берген және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:

Қазақ әдеби тілі туралы түсініктерін айтып, мысалдар келтіру..

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет