&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ұлты араб та, мүсылман да емес мысырлықтарды, сириялықтарды



Pdf көрінісі
бет210/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ұлты араб та, мүсылман да емес мысырлықтарды, сириялықтарды,
ирандықтарды, берберлерді қатаң шектеді. Империя тұрғындары
бірте-бірте исламды, араб тілін және талай жергілікті мәдени ортаның
синтезіне айналған империялық мәдениетті игерді. Ескі араб элитасы
ерекше мәртебесін жоғалтып алудан қорқып, пысықайларға жауыға
қарады, алайда қатарға жаңадан қосылғандар өздері үшін империя
ішінде жене ислам әлемінде теңбе-тең жағдай орнауын талап
етті. Ақырында, олар өздерінің дегендеріне жетті. Мысырлықтар,
178


АДАМЗАТТЫ БІРІКТІРУ
сириялықтар, Месопотамия тұрғындары «арабтар» болып есептелді,
бұған қоса, «арабтар» (Араб түбегіндегі байырғылары да, Мысыр мен
Сириядағы жаңадан қатарға қосылғандары да) араб емес мәдөниетке,
мұсылмандардың - ирандықтардың, түріктер мен берберлөрдің қол
астына түсті. Араб империясының үлан-ғайыр табысы да осы: ол сан
алуан өзге этностар құлшына қабылдаған және оны жалғастырған, тіпті
империяның өзі күйреп, этникалық арабтар биліктен айырылғаннан
кейін де бірнеше ғасыр бойы дамытып, жер-жаһанға тарата берген
ерекше мәдениет құра білді.
Қытайдың империялық жобасы бұдан да сәттірек болды. Екі мың
жыл бойы ала-құла этникалық және мәдени топтардың - бастапқы
«варварлардың» конгломераты империялық мәдениетке біте қайна-
сып, Қытай - хань улты (б.з.д. 206 жылдан б.з. 220 жылына дейін билік
жүргізген әулет аты) аталды. Империя ретінде этникалық шет өңірлер-
де, Тибет пен Шыңжанда ғана қабылданғанымен, шын мәнінде, Қы-
тай империясы әлі күнге дейін тірі - оның жетістігі де осында. Тұрғын
халқының 90%-ы өз-өздерін және өзгелер де оларды - хань-қытайлар
санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет