&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет271/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Т Ө Р Т ІН Ш І Б ӨЛІМ
33. Немістің V -2 баллистикалық ракетасын ушыруға дайындық барысы. Ол одақтас
мемлекеттердің әскерлерін куйретуге бәрібір көмектесе алмады. Алайда немістер
соғыстың соңғы күндеріне дейін өздерінің «ғажап қаруларына» сенім артып өтті.
Германия ракета мен реактивті ұшақты ойлап тапқанша, Амери-
каның Манхэттен жобасы атом бомбасын ойдағыдай жасап үлгерді.
Алғашқы бомбаны сынау қарсаңында Германия тізе бүге қалды, ал
Жапония қарсылығын тоқтатпады, енді Америка әскері аралға басып
кіруге дайындала бастады. Жапондар жаппай жанпида қылып, өліс-
пей беріспеуге ант етті, бұл жай ғана қоқан-лоқы емес деп пайымдау-
ға барлық негіз бар еді. Американың әскери басшылары Жапонияға
баса-көктеп кіру миллиондаған солдаттың өмірін қиятынын әрі соғыс
1946 жылға дейін созылып кететінін президент Гарри Трумэнге ескерт-
ті. Трумэн жаңа бомбаны іске қосуға өкім шығарды. Екі аптада екі бом­
ба лақтырды. Іле-шала Жапония тізе бүгіп, сотые та аяқталды.
Ғылым тек шабуылдайтын қару-жарақ қана жасамайды. Ол қор-
ғаныс ісінде де маңызды рөл ойнайды. Америкалықтардың көпшілігі
терроризм мәселесін шешудің саяси емес, технологиялық шешімде-
ріне сенеді. «Нанотехнологияға молырақ доллар салыңдар», - дейді
олар, сонда АҚШ бионикалық шыбын-шпиондарды Ауғанстанның әр
үңгіріне, Йеменнің айлақтарына және Солтүстік Африканың әскери-
дайындық лагерьлеріне жібере алады. Бен Ладеннің ізбасарларының
бір шыныаяқ кофе ішкеніне дейін шыбын-шпиондар Лэнглидегі ОББ-
нің штаб-пәтеріне хабарлап отырсын. Бұған қоса, миды зерттеуге мил-
лиондар салып, әр әуежайға қауіпті пиғыл, қатерлі ойды танып қоя-
тын сканер орнатып қоялық дейді. Осының бәрі жүзеге аса ма? Кім
біледі?! Бионикалық шыбындар мен ой көшіруге арналған сканерлер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет