дегенді естісе, Конфуций, Будда, Иса пен Мухаммед аң-таң қалар еді. Білім - күш Адамдардың көпшілігінің жаңа заман ғылымымен аралары жақ- сы емес. Математика тілі миға қона бермейді, оның үстіне ғылыми жаңалықтар көбінесе интуиция мен «сау ақылға» қарама-қайшы ке- леді. Жер бетін мекендеген жеті миллиардтың қандай бөлігі квантты механиканы, клеткалық биологияны немесе макроэкономиканы жетік түсіне алады? Ғылымның беделі енді тым жоғары, өйткені ол бізге өлшеусіз күш-қуат дарытады. Президенттер мен генералдар ядролық физикадан ештеңе түсінбегендерімен, ядролық бомба туралы жақсы біледі. 1620 жылы Фрэнсис Бэкон «Жаңа құрал» (The New Instrument) деген атаумен ғылыми манифест жариялады. Осы трактатта айтқан атақты сөзі: «Білім - күш» еді. Білімнің негізгі критерийі - ақиқатқа сәй- кестігі емес, адамға білім беретін мүмкіндіктері ғана. Ғалымдар жүз пайыз сенімді теориялардың жоғына көндікті. Ж аңа мүмкіндіктерге ке- нелтіп, тыңнан бірдеңе жасауға үйрететін теория - білім. Ғасырлар бойы ғылым бізді көптеген жаңа құрал-саймандармен жабдықтады. Олардың кейбіреулері - өлім-жітім деңгейі мен экономи- калық өсімді алдын ала болжап бере алатын интеллектуалды әдістер. Технологиялық сипаттар одан да маңыздырақ. Ғылым мен технология- ның арасында берік байланыс орнағаны сонша, оларды жиі шатасты- ра береді. Ж аңа технологиялар ғылыми зерттеулерсіз пайда болмай- тындай және жаңа технологиялар туындата алмайтын зерттеулерден пайда шамалы сияқты көрінеді. Шын мәнінде, ғылым мен технологиялардың мұндай ынтымақтас- тығы - өте таяуда басталған құбылыс. 1500 жылға дейін ғылым мен техника өз беттерінше өмір сүрді. XVII ғасыр басында Бэкон оларды бі- ріктіруді ұсынған бойда ол революциялық идеяға айналды. XVII—XVIII