&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


мүмкіндік беріңдерші, жұмақ тура осында, жер бетіне орнайды» дейді



Pdf көрінісі
бет283/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

мүмкіндік беріңдерші, жұмақ тура осында, жер бетіне орнайды» дейді
ғалымдар. Алайда ғылым рух пен моральдан жоғары деңгейдегі әлде-
бір жерде, адамның қат-қабат тірлігінен алыста тұрған жоқ. Біздің бүкіл
өркениетіміз секілді ол экономикалық, саяси және діни мүдделердің
әсерімен қалыптасады.
Ғылым - өте қымбат сала. Иммундық жүйенің жұмысын ұғыну
үшін кадрларды: зертханашыларды, электр мамандарын, жөндеуші-
лер мен тазалықшыларды айтпағанда, биологқа зертхана, шыны тү-
тікшелер, реактивтер, электронды микроскоптар керек. Экономист те
несие нарығын зерттеуге кіріспес бұрын, компьютерлер алып, ауқым-
ды деректер базасын жинақтауы, оларды өңдеуге арналған күрделі
бағдарламалар сатып алуға тиіс. Ежелгі аңшылар мен терімшілердің
мінез-құлқын білуге құлықты археолог алыстағы елдерге аттанып, қаз-
ба жұмыстарын жүргізуі, тас болып қатып қалған сүйектер мен арте-
фактілердің мерзімін анықтауы керек. Мұның бәрі өте қымбат тұрады.
Соңғы 500 жыл ішінде ғылым, негізінен, әртүрлі мемлекеттік құ-
рылымдардың, корпорациялардың, қорлар мен жеке секторлардың
зерттеулерге миллиардтап қаржы салуға бейілділігінің арқасында та-
лай ғажайыптарды жасады. Галилео Галилейден, Христофор Колумб
пен Чарльз Дарвиннен гөрі, осы миллиардтар ғаламды картаға түсіру,
ғаламшарымызды картографиялау және жануарлар әлемін каталогқа
енгізу барысында көп шаруа атқарды. Осы үш данышпан дүниеге кел-
месе де, олардың жаңалығын басқа біреулер ашар еді. Бірақ қаржы-
ның жоқтығына ешқандай ерен интеллекті өтеу бола алмайды. Мыса-
лы, Дарвин тумаса, эволюция теориясының авторы Альфред Рассел
Уоллес болар еді. Ол Дарвиннен тыс әрі бар болғаны бірнеше жыл
өткенде табиғи іріктеу жорамалын ұсынды. Бірақ еуропалық мемле-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет